1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16184) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2016
21 желтоқсан 2016
Газетке түскен салмақты халық көтердi
“Жас Алаштан” 400 миллион теңге өндiрiп алмақ болған Жасан Зекейұлының шағымы бойынша қаралған сот iсi бiр жылдан астам уақытқа созылғанын оқырман жақсы бiледi. Заңды белден басқан аудандық сот қыруар соманың бiр нөлiн ғана қысқартып, басылымды 40 миллион теңге төлеуге мiндеттеген. Қалалық сот осы шешiмдi күшiнде қалдырғанымен, Жоғарғы сот 5 миллионға төмендеткен едi. Осы тұста белсендi оқырмандар “5 миллионды бiз төлеймiз” атты бастама көтердi. “Көп түкiрсе – көл” деген, бүгiн “Жас Алашты” жауға бермей­мiз” деп бiлек түйiстiрген оқырман­дар­ға алғыс айта отырып, басылымды қолдау акциясының аяқталғанын хабарлаймыз. 
 
Шағымданушының көкейiн тескен 40 мил­лионды Жоғарғы соттың нелiктен 5 миллионға түсiргенiн, “Жас Алашты” тұқыртуға бекiнген қалтарыстағы әлдебiреулердiң мақсаты неге орындалмай қалғанын да жұрт жадына сала кетейiк. Кассациялық шағымды тыңдау ке­зiнде Алматы қаласының Алмалы аудандық №2 соты мен қалалық апелляциялық алқа шешiм­де­рiнiң әдiлетсiздiгi жан-жақты дәлелдендi. Жоғарғы соттың кассациялық алқасы Қабен Мұқанұлы мен Әлихан Әлiбектi жауапкер болуға тиiстi емес деп санап келген “Жас Алаштың” дәлелдерiмен келiсуге мәжбүр болды. Сөйтiп, Ж.Зекейұлының оларға қарсы талап-арызын қанағаттандырмай тастады.
Бұл ненi көрсетедi? Алматы қаласындағы Алмалы аудандық №2 сотының талапкердiң арызын қарауының заңсыздығын көрсетедi. Қ.Мұқанұлы Алмалы ауданы аумағында тұрғандықтан ғана азаматтық iс сол ауданда қаралды. Ендi оны жауапкер емес деп таныды. Соған сәйкес, iстi қараудың заңдылығына назар аударылуы қажет едi. Жоғарғы сот жартыкеш шешiм қабылдады. “Жас Алашқа” қатысты iстi “соттылыққа жатпайтын болғандықтан” тоқтатуы, судья А.Бейсеуованың ше­шiмiн тұтастай бұзып, кассациялық шағымды толығымен қанағаттандыруы тиiс едi. Заң саласында қызмет iстеген бейтарап азаматтар, бiздiң бiлiктi қорғаушыларымыз осылай дейдi.
Демек өзге де толып жатқан заңсыздықтарды есептемегенде, мұндай өрескел жала жабу әрекетiн аудандық және қалалық соттың судьялары да аңғаруы тиiс болатын. Соттардың “көзiн байлаған” себептiң сырын “Жас Алашты” үзбей оқитын жұрт жақсы бiледi. Басылымның кiмге ара түсiп, кiмдердi сын садағымен түйреп келе жатқанынан аңғарады.
Газеттi елге беделдi, аса танымал ұлт жанашырлары, белгiлi саясаткерлер, тәуелсiз журналистер қорғады. Ең бастысы, халықтық басылымды тұншықтыру – жартылай бұйығы жатқан ұлттық ар-намысты қозғап жiберуi мүмкiн едi. “Жас Алашты” жазықсыз жазалап, атан түйенiң белi қайысар айыппұл арқалату арқылы оны тұқыртуды көздегендер осыдан сескенген сияқты. Ал 5 миллион – ескертудiң есебiндегi дүние. Алайда бұл “Жас Алаш” ұжымына олар ойлағаннан керiсiнше әсер еттi. Басылымға түскен салмақты көпшiлiк көтерiп әкеттi. Газет пен халықтың арасы бұрынғыдан да жақындай түстi. “Жас Алаш” үшiн жаны күйген көптiң үнi редакция қоржынын хатқа толтырды. Арнайы келiп, кiрiп-шығып жатқан адамдар қаншама. Кездесулерде қолдау көр­сетушiлер айтқан пiкiрлер, демеу сөздер өз алдына. Газеттiң тағдыры қазақты, бұқараны алаңдатты.
 
Мұның бәрi қаламын қару етiп, қоғамдағы әдi­лет­сiздiктермен күресiп жүрген журналистерге күш бередi. Бiз сүйiктi басылымын қорғауға атсалысқан барша оқырманға алғыс айтамыз! “Жас Алаш” халықпен бiрге! Халықпен “Жас Алаштың” жаны бiр! Мұны осы аздаған уақыттың iшiнде өз­дерiңiз дәлелдедi­ңiздер. “5 миллионды бiз төлей­мiз” бастамасы мәресiне жеттi. Басылымның мойнында жүк қалған жоқ. Бiрақ үн қосуға, қолдау көрсетуге ұмтылған жұрттың әлi қарасы қалың. Мұны редакция телефонына үздiксiз түсiп жатқан қоңыраулардан бiлiп отырмыз. Сондықтан қадiрмендi оқырман “менiң де қолдауымды қабылдаңыздар” деп кешiккенiңiзге өкiнсеңiз, бастамаға әлi де үн қосқыңыз келсе, тағы бiр кiсiнi “Жас Алашқа” жаздырыңыз. Соның өзi сүйiктi басылымыңызды қолдауға қосқан үлесiңiз болмақ.
Осы тұста бастамаға белсендi қатысқан бiрқатар оқырмандардың аты-жөнiн атай кетудi де жөн көрiп отырмыз. Олар: Әмiр Берсүгiров, Тiлеубай Мықбасов, Дина Нұрғазиева, Аңсат Сәби, Болат Шайманов, Аңсат Сәдуақас, Рәтбек Арынов, Беделхан Алға­зиев, Мағжан жабаев, Әзиз Әлдибеков, Мазақ Мұса, Қазкен Қанапин, Хамит Қырқымбаев, Данияр Әбiшев, Зейнеп Ахметова, Сәкен Iргебаев, Амантай Кәкен, Темiртас Ахметов, Төребай Болтайұлы, Лұқпан Қадыр, Октябрь Демесiнов, Сырға Алдасүгiрова, Мұса Бисенғалиұлы, Захарбай Толыбаев, Қаршығамбек Дәулетбекұлы, Гүлназ Қайшыбаева, Бақтыбек Тiлепұлы, Әдiлхан Ержiгiтұлы, Мәдина Мағзамова, Мөлдiрғали Оразғалиұлы, Құралай Жұмабаева, Мүсiрепхан Мыңбай, Расул Жүзбаев және тағы басқалар.
Тiзiмге енбей қалған оқырмандардан кешi­рiм өтiнемiз. Баршаңызға мың алғыс, қорған болған оқырман!
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті