1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16184) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2016
21 желтоқсан 2016
Бiлiм депозитi – жаңа жылда балаға жасалған ең үлкен сыйлық
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПIЛI! 
 
Жаңа жыл отбасылық мереке. Бұл күнi әрбiр сәби сыйлық күтедi. Әлбетте, дүкен сөрелерiнен қаптаған сыйлықтың қайсыбiрiн алып, баланы қуантуға болады. Дегенмен, бала үшiн ең зор сыйлық – бұл оның болашағына жасалған сыйлық. Сондықтан да, ұрпақ келешегiн ойлаған ата-ана инвестицияны баланың бiлiмi үшiн жұмсаса игi. Ендеше өз мүмкiндiгiңiздi жоғалтып алмай, жыл соңына дейiн “Бiлiм беру жинағы” депозитiне салым жасаңыз. Оның артықшылығы –салымға келесi жылдың соңына қарай 5%-7% мөлшерiнде мемлекеттiк сыйлықақы төленедi. Ендеше, жыл соңына дейiн бiлiм депозитiн ашып, балаңыздың болашағына үлкен сый жасаңыз!
 
Әлбетте, бала тәрбиесiне жас­тайынан көңiл бөлiп, оның болашағына даңғыл жол сiлтеу – ата-ана үшiн зор парыз. Бiлiм­паздық ата-ананың ұрпағына қалдырар аманаты, мемлекеттiң болашақ буынға бекемдер бағдары. Әсiресе бәсе­келестiк бе­лең алып тұрған заманда бiлiмдi­нiң тасы өрге домалайтынын айтып түсiндiрiп жатудың өзi да артық. Ендеше, балаға бiлiм алуы үшiн жағдай жасаудан артық қамқорлық жоқ. Сондықтан да, ата-ана бiлiмге қатысты мемле­кеттiк қолдауларды, мемлекет ұсынып отырған қамқорлықтан қапы қалмаса екен. Бұл не қамқорлық? Бұл қамқорлық – Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi.
Жүйенiң артықшылығы – Қа­зақстанның кез келген азаматы осы арқылы бiлiм депозитiн ашып, салымына орай жыл сайынғы түсiмдi 21 пайызға дейiн арттыра алады. Бұл қазақстандық банктiк салымдар арасындағы ең жоғары ставка. Оның ерекшелiгiне – бiлiм депозитiнде банктiң жыл сайынғы сыйақысы 14 пайызды құраса, 5-7 пайызға дейiнгi сыйлықақы мемлекет тарапынан көтермеленедi. Мемлекет беретiн 5-7 пайыз туралы тү­сiндiре кетер болсақ, ондағы жыл сайынғы 5 пайыз сыйақы елiмiздiң барлық санаттағы азаматтары үшiн, ал 7 пайыздық сыйақы жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкiндiгi шек­теулi жандар, төрт немесе одан да көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арналған. Мiне, бұл мем­лекеттiң елiмiз­дiң барлық санаттағы отбасыларын ескерiп, бiлiмге ынталандыру бағытында жасап отырған қамқорлығы. Ең бас­тығы бiлiм депозитiн ашу арқылы отандастарымыз жоғары бiлiм алу үшiн төленетiн қаражатын 30-70 пайызға дейiн үнемдей алады.
 
Айтпақшы, Бiлiм және ғылым министрлiгi жанындағы “Қаржы орталығы” АҚ (әрi қарай – Қаржы орталығы) хабарлауынша, жыл соңына таман бiлiм депозитiн ашқандар­ға да үлкен олжа бар. Олар өзде­рiнiң мемлекет ұсынған алғаш­қы сыйлықақыларын 2017 жылдың соңына таман ала алады. Сосын, Сiз 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейiн “Бiлiм беру жинағы” депо­зитiн ашсаңыз, 2018 жылдың қаңтарында сыйақының негiзгi ставкасына қоса жыл сайынғы мемлекеттiк сыйлықақыны (5%-7% мөл­шерiн­де) қоса алуға үлге­ресiз.
Депозиттi ашудың және басқа артықшылықтары ретiнде оны өз атыңызға да, балаңыздың атына немесе үшiншi тұлғаның атына да ашуға болады. Банктiң бекiтiлген сыйақы ставкасы – жылына 14%. Мемлекеттiк сыйлықақының төлену мерзiмi 20 жылға белгiленген. Депозит ашудың ең төменгi сомасы – 3 айлық есептiк көрсеткiш, бұл шамамен 6 363 теңгенi құрайды. Бiр сөзбен айтқанда, бiлiм депозитiн ашу – баланың болашағына жол ашу. Ендеше жаңа жылда жас жеткiн­шек­терге жаңаша сыйлық жасаңыз, жыл соңына дейiн бiлiм де­по­зитiн ашыңыз дегiмiз келедi.
Осы орайда 3 жыл бойы қызметке кiрiскен Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы айта кетсек. Бағдарламаның мақсаты – халықтың кеңiнен бiлiм алуына қолдау көрсетiп, қолже­тiм­дiлiктi арттыру. Бағдарлама әсiресе ел азаматтарының кәсiп­тiк-техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуына үлкен мүмкiндiктер қарастырады. Бұл банктерде бiлiм беру жинақтарын ашу әрi сол салымға банктiк сый­ақы мен мемлекеттiк сыйлықақыны қоса беру арқылы жүзеге асырылып келедi. 
 
Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiн халық арасында кеңi­нен танымал етуге байланысты Қаржы орталығы бiрқатар жұмыстарды атқаруда. Бұл ретте жүйеге қатысушы банктер санын кеңейту де қарастырылады. Қазiр Мемле­кеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiне “Қазақстанның Халық банкi” АҚ, “Цеснабанк” АҚ, “Нұрбанк” АҚ қатысып отыр.
Өткен үш жыл iшiнде жүйеге қатысушылар саны бiртiндеп өсiп келедi. Шындығында, бұл жылдар әлемдiк экономикалық дағдарыс салдарынан Қазақстан халқына да бiршама ауыр тигенi белгiлi. Алайда соған қарамастан, аз уақытта салымшылардың саны өсiп отыр­ғаны бұл жүйенiң тиiмдiлiгiн көрсетсе керек. Мәселен, 2016 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлiметтер бойынша Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiне 15 937 салымшылар тiркелген. Олардың салымының жалпы сомасы 7,8 млрд теңгенi құрады. Айта кетер­лiгi, 2015 жылдың ақпан айында мем­лекеттiк сыйлықақының алғашқы төлемi берiлген болатын. Ол 4,7 млн. теңгенi құраған едi. Ал 2016 жылдың өзiнде бұл көрсет­кiш 325,6 млн теңгеге жетiп отыр.
Қаржы орталығы қалың жұрт­шылықпен, екiншi деңгейлi банктермен ғана емес, Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен де тығыз байланыста. Айталық, оқу орындары ұсынатын бiлiм беру қызмет­терiнiң төлемi мен оқу ақысына, сондай-ақ бiлiм алушылардың мәртебесiне қатысты мәлiметтердi жинақтау мақсатында Орталық елiмiздегi жоғары оқу орындарымен 103 келi­сiмшарт жасасты. Сонымен қатар, Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi аясында республика колледждерiмен 510 келiсiмшарт түзiлген. Қазiргi таңда бiлiм беру жинақтау жүйесi аясында Қазақстанның оқу орындарында 214 салымшы бiлiм алуда.
Тоқтала кететiн жайт, бiлiм беру депозиттерi жеке тұлғалардан бөлек, қайырымдылық қорларына, өз қызметкерлерiнiң бiлiмiн жетiлдiруге мүдделi ұйымдар мен компанияларға да тиiмдi. Бұған “Бөбек” қорының акциясы жарқын дәлел бола алады. 2015 жылы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен “Бөбек” Қоры арасында қайырымдылық көмек туралы келiсiмшарт жасалған. Нәтижесiнде “Бөбек” Қоры балалар үйлерiнде тәрбие­ленiп жатқан 7 мың 770 балаға бiлiм беру депозитiн ашты. Ал бұл Қазақстандағы жетiм балалардың шамамен 90 пайызы мемлекеттiк грантқа iлiге алмаса да, болашақта жоғары оқу орнында немесе колледждерде бiлiм алуына мүм­кiн­дiгi болады деген сөз. “Бөбек” Қорының мұндай қайырымдылық шарасы ата-анасының сүйiспеншi­лiгi мен қамқорлығына ада қалған балалардың өз болашағын табысты өрiсте­туiне жол ашатыны сөзсiз.
 Мұнан бөлек, 2015 жылы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бастамасымен “Өзiңнен баста!” қайырымдылық акциясы қолға алынды. Аталған акцияға көптеген танымал тұлғалар, соның iшiнде Парламент депутаттары, мемлекеттiк орган қызметкер­лерi, Серiк Сапиев, Василий Левит сияқты танымал спорт адамдары қатысып, балаларға бiлiм беру депозиттерiн ашты. Жалпы алғанда, әрбiр басшының бiлiм беру жинағын қызметкерiне немесе оның баласының атына ашып, оны ынталандырушы шара ретiн­де қолдануға мүмкiндiгi бар.
 
Сол секiлдi 2015 жылы “Нұр Отан” партиясымен бiрлескен акция да жүзеге асты. Осының арқасында жетiм және асыраушысынан айы­рылған, қамқоршылыққа алынған 2 мың 77 балаға бiлiм беру жинақтары ашылды.
Бұдан бөлек, 2016 жылы Қаржы орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бiрлесе отырып халық арасында Мемле­кеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiн насихаттау, жұртшылықтың жинақтау мәде­ниетiн қалыптастыру бойынша бiрлескен жұмыстарды қолға алды. Әрине, осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жандана түседi. Сонымен бiрге, Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiн дамыту перспективасы бойынша Қаржы орталығы өз алдына бiрқатар маңызды мiндеттер қойып отыр. Атап айт­қанда, Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы Заңға өзге­рiстер енгiзу жоспарда бар. Бұл ретте негiзгi заңнамалық өзгерiстер жүйеге қатысушы банктер санын арттыруға бағытталады.
Жалпы алғанда Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi Қазақстан азаматтары үшiн жоғары оқу орынына түсу мүмкiндiгiн ұсынады. Жүйенiң дамуы бiлiм саласындағы мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктi өрiстетуге де өз септiгiн тигiзбек.
Дәурен Сәдуақасов
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті