1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
27 желтоқсан 2016
Алтын медаль – таңдаулыларға

Тәуелсiздiктiң 25 жылдық мерекесiне орай, Қазақстан Журналистер одағы қаламы қарымды қайраткер тұлғаларды марапаттады. Журналистер одағының алтын медалiн алғандардың арасында белгiлi журналист Гүлжан Ерғалиева, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай, “ДАТ” медиажобасының жетекшiсi Ермұрат Бапи бар. “Азаматтық қоғамды дамытудағы айрықша еңбегi мен қосқан зор үлесi үшiн” берiлген осындай марапатқа-алтын медальға журналист Сергей Дуванов пен құқық қорғаушы Евгений Жовтис және ресейлiк экономист Хазин Михаил де ие болды.
Сондай-ақ, журналистикадағы белсендi азаматтық ұстанымы үшiн журналист Мәдина Әлiмханова, саяси және экономикалық тақырыптардағы видео сұхбаттары үшiн Лилия Игiлiкова, Қазақстандағы блог жазу саласының дамуына қосқан үлесi үшiн Ботагөз Көпбаева құрмет грамоталарына ие болды.
Жүлдегерлердi Қазақстан Журналистер одағы төрағасының мiндетiн уақытша атқарушы Тамара Калеева мен осы одақтың жауапты хатшысы Баян Рамазанова марапаттады. Марапаттау рәсiмiнiң соңы өнерпаздардың концертiне ұласып, онда Сейiтқазы Матаевтың немересi Кәмила Матаева да ән шырқады.
Бiз әрiптестерiмiздi құттықтап, шығармашылық табыс тiлеймiз!

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
казах | 9 қаңтар 2017 19:52
кутты болсын халыкка адал болындар
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар