1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
5 қаңтар 2017
«Мысықтiлеу» сәуегейдiң сандырағы

Жұлдызшы-сәуегей атаулының 2017 жылға жасаған болжамдары сан қилы. Жорамалға сенетiнi бар, сенбейтiнi бар, жылбасы болғандықтан оны әлеуметтiң әйтеуiр бiр шолып шығатыны жасырын емес. Бiз де сөйттiк. ... Осындайда марқұм жұлдызшы Назарбек Қожамсейiтов есiмiзге түседi. Кейде оның жасаған болжамы дөп келетiн. Мұндайда ол дереу редакцияға хабарласып, не өзi келiп: “Естерiңiзде ме, мен сiздердiң газеттерiңiзде пәлен елде соғыс оты тұтанады, түген жердi топан су басады, бiздiң елде құрғақшылық болады деп едiм. Айтқаным айдай келдi емес пе?” – дейтiн қызуланып. Бiз де мұндайда жауырыншының көңiлiне қараймыз да “иә, иә үстiнен дөп түстiңiз” деп қоямыз. Айтқымыз келгенi, қазiр осы марқұм Назарбек Қожамсейiтовтен кейiн күн райының ау-жайын, табиғат апаттары туралы, әсiресе жер сiлкiнiсi жөнiнде тұспал жасайтын жұлдызшы шықпады. Мүмкiн, ел iшiнде бiрдi-жарымы кездесiп қалар, бiрақ қоғамның назарын аударатындай деңгейге жетпегенi өкiнiштiлеу.
Ерте замандарда ел басқарушылар халықтың көңiл-күйiн қадағалайтын “тамыршылар”, ықтимал апаттардан, қауiп-қатерден сақтандырып, кей жағдайда алдын алатын сәуегей-құшнаштарды арнайы ұстайтын. Қазiр заман басқа, дегенмен жұлдызшылардың болжамы бәрiбiр қызық.
Ресейдiң атақты жұлдызшысы Павел Глобаны көпшiлiк “тапсырыспен жұмыс iстейдi” дейдi. Кейде оның қызметiн Ақорда да пайдаланады дегендi естимiз. Сол Глобаңыз биылғы тауық жылына жасаған болжамында “Ресейдiң айы оңынан туады” деп топшылайды. Анығында, “Ресей әлемде болып жатқан оқиғаларға қатысты өзiнiң ықпалын күшейтедi және iрi державалардың арасында өзiнiң ұстанымын нығайтады” деген болжам жасайды. Одан әрi ол өз жорамалында: “Бүгiнгi таңда адамзат өмiрiне оң әсерiн тигiзбейтiн маңызды жаһандық өзгерiстер орын алуда. Көптеген елдер 2017 жылы шарықтау шегiне жететiн одан кейiн әлсiздене бастайтын дағдарыстан зардап шегедi. Басы бүгiннiң өзiнде анық көрiнiп тұрған әлемдiк коллапс Еуропа мен АҚШ-қа орны толмайтын шығын әкеледi. Еуроодақ тарқап кету шегiнде тұр, еуропадағы тұрақсыздық оның әлемдiк саяси аренадағы беделiн барынша түсiредi” дей келе, “Ресей Федерациясының құрамына Белоруссия мен Қазақстан кiргiсi келедi. Олардың iзiн ала бере Әзiрбайжан мен Арменияның ықыласы оянады, сондай-ақ Украинаның кей бөлiгi Ресейге қосылуды қалайды”, – деп сандырақтайды.
Басқасы-басқа, мынасы ендi саяси тапсырыс екенi бiрден байқалады. Жириновский деген көкезуiңiз өтiрiк жынды болып, аузына келгенiн көлгiрсе де орыстың көкейiндегiсiн деп салады. Глоба деген жұлдызшың да солай. Билiктiң тапсырысын орындап, “Қазақстан Ресейге қосылғысы келедi” дегендi халықтың санасына ептеп-септеп сiңiру ұстанымын ұстайды. Әшейiн қарапайым болжамның өзiн саясиландырып, арам ниеттi жүзеге асыру құралына айналдырады. “Мысықтiлеу” сәуегейдiң болжамы өтiмдi екенiн бiлетiн билiк оның аузымен от көсейдi. Әрине, бiз оның “саяси сандырағына” сенбеймiз, дегенмен ор қазушы екенiн айтуға тиiстiмiз. Әйтпесе, әлеуметтiк-экономикалық жағдайы аса ауыр Ресейдi несiне әспеттейдi? Қараңыз, ол тағы былай дейдi: “Көптеген елдер ауыртпашылық салдарынан, атап айтқанда, өндiрiстiң құлдырауынан, жұмыссыздық, халыққа ақша жетiспеушiлiгiнен және экономиканың шатқаяқтауынан қиыншылық көрсе, Ресей жағдайдың күрделiлiгiне қарамастан, пайдаға кенеледi. Таңдап алған даму жолы және табиғи ресурстарды сәттi саудалау арқасында бiртiндеп әлемдiк қауымдастық iшiнен өз орнын таба бастайды”. Амбициясы күштi. Мұнысымен тоқтамайды. “Тоқырау үдерiстерiнен бүкiл әлемдi Ресей алып шығып, өзгерiстерге жетектейдi-мiс. Әлемдiк саясаттың ағысына араласпай-ақ, болып жатқан оқиғаларға жеке көзқарасын бiлдiрiп, көптеген жаһандық мәселелердi шешуде тәуелсiз арбитр бола алады” деп көкке көтередi. Шiркiн-ай, дейсiң осындайда. Бiздiң Қазақстанды тым құрығанда сөзбен (болжаммен) семiртетiн бiр “дуалы ауыздың” шықпағанына қапаланасың.

ҚАЗАҚСТАН САПАРШЫЛАР КӨЗIМЕН

Саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиевтiң пiкiрiнше, 2017 жыл Қазақстан үшiн әлеуметтiк-экономикалық жағынан күрделi болмақшы. Бұған мемлекеттiк бюджетке ауыр салмақ түсiрiп тұрған мұнайдың арзан бағасы, ЭКСПО көрмесi, мемкомпаниялардың тиiмсiз тiрлiгi және жең ұшынан жалғасқан сыбайластық ықпал етедi. – Осылардың бәрi Қазақстан экономикасына қалай әсер етсе, халықтың тұрмысына да, қоғамдағы наразылық көңiл-күйдiң артуына да солай түрткi болады. Әрине, мұның бәрiн Астанадағылар жақсы түсiнедi, сондықтан әлеуметтiк көпшiктiң тiгiсiн олар дер кезiнде Ұлттық қордан қаржы тарту арқылы жатқызады. Жалпы алғанда бiзге ауыр ауыртпашылық түседi, бiрақ бiз сол қиыншылықтан аман-сау шығамыз.
Кәсiпкерлердiң тәуелсiз қауымдастығының вице-президентi Тимур Назханов болса: “Биыл елдiң есiнде қалатындай тағы бiр девальвация болуы ықтимал” десе, экономикалық сарапшы Денис Кривошеев “доллардың бағасы 420 теңгеге дейiн көтерiледi және бұл нағыз әдiл баға” деген болжам жасайды. Сарапшы Бiржан Чукин “теңгенiң долларға шаққандағы бағамы 330-335 теңге көлемiнде тұрақтайды” деген жорамалын көлденең тартады. “Фридом финанс” сарапшысы Ерлан Әбдiкәрiмов: “Егер мұнай бағасы 60-65 долларға көтерiлетiн болса, онда теңгенiң деңгейi 280 теңге шамасында тұрақтайды” деген жорамалын жазады. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс шығады, оны әдеттегiдей уақыт көрсетедi.
 

Г.ҚАПАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (5)
Есенғали, Антакиядан | 5 қаңтар 2017 16:34
ХХІ ғасырда сәуегейге, жауырыншы мен бақсыға, экстрасенс пен астрологқа сеніп жүрген адам ақымақ ! Сол "жұлдызға қарап адам тағдырын шешетін" астролог өзінің тұмауратып қашан ауыратынын, қашан өлетінін білмейді, бірақ аңқау халықтың тағдырымен ойнайды ? !
Есенғали, Антакиядан | 5 қаңтар 2017 18:28
Мұнайдың әлем базарындағы бағасы 147 долларға көтерілгенде той тойлап, халыққа көк тиындық пайдасы жоқ саммит, медиафорум, арамтамақ имам-поп, кардинал-ишан, лама-ксендздердің сиезіне ақша шашудың орнына елімізді қаптаған зауыт-фабриктерге толтырғанда, бүгінгі күні "ойбай да ойбай, әлемдік дағдарыс келді, мұнай бағасы арзандады !" деп түксызбас билік зарламаған болар еді. Енді мұнай бағасы 20-10 долларға түссе, қоңыз теріп, тышқан аулап кетеміз бе ? !
Қырт болжамшыларға | 5 қаңтар 2017 20:07
Бос қыртыл болжам неге керек, елдегі қаржы ұрлығы тиылса миллярдтап жеуді қойса еш қиындық болмайды, осы қарапайым қағиданы ең болмаса 50-60 пайыз орындауға үкіметтін қауқары жетпей отырса не жақсылықты күтеміз,жер жерден опырып жей берсе түрымтай түсымен бас сауғалап ресейдін көтіне өз еркімізбен ақ кіреміз
қонақ | 9 қаңтар 2017 17:04
есенғали сен өзің елдің барі үшін пікір айтқаныңды қоймайды екенсің
казах | 9 қаңтар 2017 19:49
16 миллион халыкты бага алмаи отыргандардан не сураисын
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар