1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (16189)   12 қаңтар, бейсенбі 2017
12 қаңтар 2017
Қытай жаппай клондауға кiрiспек

Қытайда клондаудың iрi орталығын салу жоспарлануда. Бұл жобамен қытайлықтар ғана емес, оңтүстiккореялық ғалымдар да айналысып жатыр. Жалпы, Қытай клондау технологиясын қолдану саласында көш басында тұр. Мұндай әрекетке Еуропада тыйым салынған. Өткен жылы Қытай және Оңтүстiк Корея ғалымдары 550 иттi клондады. Бұл жануарлар әлемнiң iрi әуежайлары мен вокзалдарында “жұмыс iстейтiн” болады.
Қытай ғалымдары клондау әдiсiн жануарларды, әсiресе олардың адамзатқа пайдалы түрлерiн көбейту әдiсi ретiнде қарайды. Еуропалық әрiптестерiнiң “тiршiлiк иелерiн жасанды жолмен жасап шығарудың салдары ауыр болуы мүмкiн” деген ескертпесiн қытайлар құлағына да қыстырып отырған жоқ. Ашылғалы жатқан орталықтың құрылысына 31 млн доллар жұмсау көзделуде.


                                                                      МҰРАЖАЙҒА ҰҚСАС АВТОТҰРАҚ
Айыппұл тұрағын кiсi қызығарлықтай орын дей алмайсыз, әсiресе көлiк жүргiзушiлерi үшiн. Бiрақ әлемде ең ескi және мұражайға көбiрек ұқсайтын айыппұл тұрағы бар. 1853 жылы Сицилия королi Фердинанд II Бурбонский Италияның Неаполь қаласында жерден 45 метрлiк тереңдiкте туннель салғызған. Төңкерiс пен монархты тақтан құлатуға жасалған әрекеттер салдарынан сақтанған ол, туннельдi қаладан қашып шығатын қосалқы жол ретiнде қарастырған. Алайда Фердинант 1859 жылы, төңкерiс болмай-ақ қайтыс болған, ал жерасты жолының құрылысы сол бойы аяқсыз қалған. Бүгiнде ол арада өткен ғасырдың 40-50 жылдары шығарылған машиналар мен мотоциклдер қаңтарылып тұр. Жерасты жолы II Дүниежүзiлiк соғыстан кейiн 60 жылға жабылған.

                                                                             200 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР СҮТ
Ересектердiң де, балалардың да қоюлатылған сүттi жақсы көрмейтiнi кемде-кем. Деректерге жүгiнсек, бұл өнiмдi дайындау әдiсi осыдан 200 жыл бұрын пайда болыпты. Оның авторы – француз кондитерi Н.Аппер. Ол қарапайым ғана тәжiрибемен, шырынды суды шишаға салып қайнату арқылы оның пайдалану мерзiмiн ұзартуға болатынына көз жеткiзген. Сосын осы тәсiлдi сүтке де қолданған. Тек оны әйнек ыдысқа емес, қаңылтыр құтыға орналастырған. Алайда патенттi Н.Аппер емес, қоюлатылған сүттi қазiргi күйiнде дайындап шығарған Г.Борден алған.
Қоюлатылған сүт шығаратын алғашқы зауыт АҚШ-та 1858 жылдан жұмыс iстей бастаған. Аталған өнiм Азамат соғысының бастапқы кезеңiнде қатты сұранысқа ие болған. Ал мұндай зауыт Ресейде ең алғаш Орынборда ашылған.

                                                                                КҮЙЗЕЛIС МЕРЗIМI – ҮШ АЙ...
Сүйiктi адамымен айырылысу, әдетте, қатты күйзелiске, тоқырауға, адамның өз-өзiне деген сенiмсiздiгiне себепкер болады. Бiрақ арада бiраз уақыт өткенде бәрiбiр жан жарасы бәсеңдеп, өмiр қалыпты арнасына түседi. Ал өз-өзiне келу үшiн айырылысуды басынан өткерген кiсiге нақты қанша уақыт қажет? Бiреулер “жақын адамың кеткеннен кейiн өмiрiң қалпына келуi үшiн, онымен қанша жыл қарым-қатынаста болсаң, соның жартысындай уақыт қажет” дейдi. Ендi бiреулер “бұл жағдай әркiмде әртүрлi. Ол екi адамның бiр-бiрiне қаншалықты бауыр басқандығына байланысты” деген пiкiрде. Алайда психологтердiң бұл мәселеге көзқарасы мүлде басқаша. Олардың пiкiрiнше, қарым-қатынасқа нүкте қойылғанға шамамен 3 ай өткенде адам айырылысудың жағымды жақтарын көре бастайды, екi тарап та қалыпты өмiрге оралып, болашағына үмiтпен қарауға көшедi. Бiр айта кетерлiгi, айырылысуға бастамашы болған адам екiншi жартысына қарағанда тез қалпына келетiн көрiнедi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Ореке | 13 қаңтар 2017 21:24
НЕГЕ ? НЕГЕ ? Адам бақилық болса Қазекең 7-сі, 40-сы, 100-күндігін өткізеді. Қазекеңнің даналығын осыдан біле бер АДАМЗАТ.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті