1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (16193) 26 қаңтар, бейсенбі 2017
26 қаңтар 2017
Тiрiдей жерлемек болған

Сычуань (Қытай) елдi мекенiнде 75 жастағы қарияны жақындары тiрiдей көме жаздапты. “Express” ақпараттық агенттiгiнiң жазуынша, шалдың жүрек қағысы тоқтап, денесi суып кеткеннен кейiн дәрiгерлер оны қайтыс болды деп хабарлаған. Суық хабарды естiген ұлы мен туыстары әкелерiн жерлеудiң қамына кiрiседi. Көпшiлiк жиналып, шалдың сүйегiн табытқа салып қабiрстанға алып бара жатқанда табыттың бетi сырғи берiптi. Бiрақ оған ешкiм мән бермеген көрiнедi. Табыттың iшiндегi қарияның тiрi екенiн бейiт басына жетiп, қоштасу үшiн табыт қақпасын ашқанда ғана бiлiптi. Жол-жөнекей шала-жансар жатқан шал не болып жатқанын бiлмекке қақпаны әлсiн-әлсiн түрткiлесе керек. Кейiн өзiн тiрiдей жерлеуге әкелгенiн бiлiп, есiнен танып қалыпты. Қазiр 75 жастағы қытайлық күнделiктi тiрлiгiн iстеп жүр екен.

4 ЖАСЫНДА 1000 КIТАП ОҚЫҒАН
Қазiргi заман балалары өздерiнiң зеректiгiмен қоса керемет қасиеттерiмен де ерекшеленiп келедi. Мысалы, американдық Делайл Мари Арани небәрi төрт жасында мыңнан аса кiтап оқып тауысқан. Делайл Мари Аранидiң ата-анасының айтуынша, өзiнiң алғашқы кiтабын 2 жас 11 айында қолға алыпты. Содан берi оның кiтап оқуға деген қызығушылығы артып, мыңнан аса кiтап оқыған.
Делайл Мари Аранидың оқып шыққан кiтаптарының арасында кiшкентай балаларға, оқушыларға, тiптi студенттерге арналған кiтаптар да бар көрiнедi. Америкадағы iрi кiтапхана конгресiнiң басшысы Карлы Хейден кiшкентай қыздың мұндай ерекше қабiлетiн байқаған соң, оны өзiнiң кiтапханасына қонаққа шақырыпты. Және бүлдiршiндi кiтапхананың жиналысына да қатыстырып өзiнiң ой-пiкiрiн айтқызатын көрiнедi.

СЕЛФИ ЖАСАП СОТТАЛДЫ
Иранда бұлшық етi бiлеу-бiлеу спортшы қыз сотталды. Инстаграмдағы парақшасына спортзалда отырып түскен суретiн жариялаған спортшыға ашық-шашық киiндi деп айып тағылған
Бұлшық еттерiн көпшiлiкке көрсетiп, сайысқа қатысқан бойжеткенге Иранның құқық қорғау орындары ескерту берген екен. Ескертуге қарамастан селфи жасаған спортшы қыздың иығынан бiлегiне дейiн ашық тұр. Иранның заңы бойынша әйел затының әуреттi жерiн ашып жүруiне рұқсат жоқ.

ТӘРТIП БҰЗҒАНДАРДЫ МУЗЫКАМЕН ТҮЗЕМЕК
Үндiстанда жол ережесiн бұзушыларды жөнге салу үшiн патриоттық бағыттағы музыканы және Болливудтың үздiк фильмдерiнiң әуенiн тыңдату керек деген бастама көтерiлдi. Mashable басылымының жазуынша, Нью-Дели қаласында бастамашыл топтың идеясы жүзеге асса, iшiмдiк iшiп көлiк жүргiзетiндер, жол ережесiн жиi бұзатындар, шамадан тыс жүк тиеп жүйткитiндер әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Одан кейiн бiр күндiк дайындықтан өтедi де, қайта көлiк жүргiзiп, тағы ереже бұзады. “Бiр күндiк дайындық кезiнде, жол жүру ережесiн қатаң сақтауды үйрету аз, патриоттық рухты оятатын музыка, фильмдердiң әуендерiн, дiни әндердi тыңдату керек. Сонда ғана олардың елге, жерге, айналасындағыларға деген құрметi артады” дейдi.
Бұл ұсынысты жергiлiктi билiк қарастырмақ.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Ера | 29 қаңтар 2017 03:12
Естімеген елде көп.
Сәния | 2 ақпан 2017 18:02
Осы Үндістанға таң қаламын. Тұнған романтикасы мол фильмдері, ғажап билері, керемет әндері әлі күнге жақсы көремін. Адамды баурайтын әділдік, жақсылықты жақтауы, ғаламат әжуа түрінде көрсете алуынан ешбір ел оған тең келмейді. Кемішілктері кедейліктері, ерсі рәсімдері. Қайыршысы көп үнді елінің өзі гуманитарлық көмек ретінде біздің елге де арзан жаңа, киім жібереді екен. Ол неге арзан, түсінбедім. Осының өзі ой салмай ма. Расы керек, дәрілерінің сапасы ұнайды әдетте шипасы тиіп жатады. Жалпы түгелдей
Сәния | 2 ақпан 2017 18:05
жаман адам немесе ел болады деу ессіздік қой. Мәселе кім-кімнен де тек жақсы нәрсені үлгі ету, көре алуда жатыр. Меніңше тіпті қылмыскерлердің өздерінің де жақсы жақтары болуы тиіс. Тек оны оңбағандыққа не және кім итерді десек жөні басқа. Адамдар... егер әр ненің себебін білер болсақ тегінде, соншама қателіктер жасалынбас еді. Психология ілімі баршаға қажет.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті