1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (16196) 7 ақпан, сейсенбі 2017
7 ақпан 2017
ҚОЛТЫҚТАН ДЕМЕУ

QAZKOM жаңа бес бағдарлама бойынша шағын кәсiпкерлiктi қаржыландырады

Соңғы жылдардағы жаһандық экономикадағы дағдарыстар шағын кәсiпкерлiктiң өмiршең екенiн айғақтап бердi. Өйткенi iрi бизнестiң бетпе-бет келген кедергiсiнен шағын кәсiпкерлiк шаң қаптырмай өте шығады. Демек, шағын бизнес iрi бизнеспен қандай жағдайда да бәсекелесуге бейiлдi. Әсiресе, дағдарыс кезiнде өзiнiң икемдiлiгiн, ептiлiгiн, тұрақтылығын көрсетiп байқатқаннан кейiн қалыптасқан қасаң қағидалар да қалыс қалуда. Мәселен, кезiнде “нарық жағдайында iрi кәсiпкерлiкпен ғана айналысуға болады, шағыны өмiр сүруге қабiлетсiз” деген түсiнiк болған.

Кейбiр деректерге зер салсақ, бiздiң елiмiзде еңбеккке жарамды белсендi тұрғындардың әрбiр бесiншiсi шағын және орта кәсiпкерлiкте еңбек етедi. Шағын және орта бизнестiң ЖIӨ-дегi үлестерiн салыстырар болсақ, бiздiң елiмiзде оның үлесi шамамен 16-18 пайыз, дамыған елдерде, мысалы, Ұлыбритания көрсеткiшi 54 пайыз болса, Италияда – 57, Германияда – 58 пайыз.
Мамандар Қазақстанда шағын және орта бизнестiң қарқынды дамуына тосқауыл боп отырған бiрнеше түйiндi мәселенi алға тартады. Соның басты түйткiлi – қаржы-қаражаттың жетiспеушiлiгi. Шағын бизнес қашанда капиталға зәру. Ал қолында қаржысы бар банктердiң талабы тым қатал, көп жағдайда кепiлзат талап етедi. Бұл – бiр. Екiншiден, қаржы институттарында несие мөлшерлемесi қымбат. Осының өзi шағын кәсiпкерлiктiң еңсесiн тiктеуге тосқауыл.
Рас, мемлекет шағын бизнестi қолдауға ниеттi. Күнi бүгiнге дейiн шамасы келгенше қолдау бағдарламаларын ұсынып келедi. Мұның жарқын мысалы ретiнде таяуда Qazkom-ның Даму қорының арнайы бағдарламалары бойынша Астана мен Алматыдағы шағын бизнеске несие бере бастайтынын айтуға болады. Нақтырақ айтқанда, Qazkom Даму қорының бес арнайы жаңа бағдарламаларының операторы ретiнде iске кiрiсiп, Алматы мен Астананың бизнесiне несие бередi. Бес бағдарламаға Даму қорының бөлген 5 миллиард теңгенiң 3,7 млрд теңгеге жуығы Qazkom клиенттерiне берiлмекшi.
Әрине, қаражат банкке 7 жылдық мерзiмге ақылы әрi қайтымды түрде берiледi. Бұл бағдарламалардың басты ерекшелiгi бизнестiң жаңа бағыттары – “стартаптарға”, инновациялық, ғылыми және технологиялық шешiмдерге, сондай-ақ iрi мегаполистер үшiн аса маңызды саналатын – өңдеу және тамақ өнеркәсiбi, сервис, инфрақұрылым салаларындағы тың жобаларды қаржыландырады.
Қазiргiдей қаржы қорының тапшылығы сезiле бастаған заманда шағын кәсiпкерлiкке қолдау көрсетудi қолға алған Даму қоры мен Qazkom-ға қалай разы болмассың. Бұл жөнiнде Банк басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары Абай Искандиров былай дедi: “Бiз өткен жылы банктiң жаңа стратегиясын қабылдап, басты назарды шағын кәсiпкерлiк пен жекелеген клиенттерге бағыттағанымызды жариялаған едiк. Содан бастап бiз ШОБ-ты қаржыландыруды қолға алдық. Бұл жұмыстар қазiрдiң өзiнде жемiсiн бере бастады: кәсiпкерлер Qazkom-ды қолдау көрсетiп отырған жетекшi банк ретiнде қабылдай бастады. Ал мемлекет Алматы мен Астана үшiн аса маңызды саналатын бағдарламаларды қаржыландыруды нық сенiммен тапсырды”.
Даму қоры 2016 жылдың 30 желтоқсанында ШОБ-ты қолдауға арналған жаңа бес бағдарламаны жүзеге асыруға Qazkom-ға 1,15 млрд теңге көлемiнде бiрiншi траншты аударды.
Бұл қаржы қалай игерiледi? Ендi соған тоқталайық. Өткен аптада Qazkom-ның жетекшi мамандары мен Даму қорының және Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi бiрiгiп, алматылық кәсiп иелерiмен кездестi. Мамандар несие қандай жобаларға қалай берiлетiнi жөнiнде түсiндiрме жұмыстарын жүргiздi. Кәсiпкерлердiң сұрағына бетпе-бет жауап бердi. Берiлiп отырған қаржының 900 млн теңгесi “Алматы Өнiм” бағдарламасын iске асыруға жұмсалады. Бұл бағдарлама тамақ өнiмдерi, уытты өңдеу, минералды су және өзге де алкогольсiз сусындардың өндiрiсiмен айналысатын алматылық кәсiпкерлерге арналған.
Ал 250 млн теңге көлемiндегi транш “Aстана Start Up” бағдарламасы бойынша өз кәсiбiн жаңадан бастаған әрi түрлi салаларда жұмыс iстейтiн астаналық кәсiпкерлердi қаржыландыруға арналып отыр.
“Алматы туризм” бағдарламасын дамытуға Qazkom 1,3 млрд теңге алды. Бұл қаржы кәдесый тауарларын өндiретiн, қонақүй бизнесiмен, әкiмшiлiктiк және демалыс саласында жұмыс iстейтiн алматылық кәсiп иелерiне берiледi. “Астана Бизнес” бағдарламасы бөлшек саудамен (автокөлiктен басқасы) ресторан бизнесiмен және тамақ өнiмдерiн жеткiзумен айналысатынАстана қаласының кәсiпкерлерiн қолдауға арналады. Оның iшiнде франчайзинг те бар. Бұл бағдарлама үшiн банкке 250 млн теңге қарастырылған.
Ал “Алматы - Инновациялар” бағдарламасы үшiн Qazkom-ға 1 млрд теңге көлемiнде қаржы қарастырылған. Бұл бағдарлама компьютер өндiрiсi, электрондық және оптикалық тауарлар, кәсiби, ғылыми және техникалық iспен айналысатын алматылық кәсiпкерлердiң тың жобаларын қаржыландырады.
Осы бағдарламалар аясында келiп түскен өтiнiштi Qazkom, Даму қоры және қалалық әкiмшiлiк мамандары жан-жақты сүзгiден өткiзiп, анықтайды. Қойылып отырған талаптан мүдiрмей өткен жобалар несиеге (жылдық 8,5 пайыз) қол жеткiзедi. Qazkom-ның атқарушы директоры Нұрлан Ақшановтың айтуынша, қазiр әрi арзан, әрi “ұзын” қаржы тапшылығы тұсында кәсiпкерлер осы бағдарламалар аясында шамамен жылдық 11 пайыз қаржы үнемдейдi. Бұл – шағын кәсiпкерлiкке үлкен қолдау.

Г.НҰРМОЛДАҚЫЗЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар