1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 11-12 (16197-198) 9 ақпан, бейсенбі 2017
9 ақпан 2017
Салдармен сайыс

Құйындап келiп түйреп өттi.
Анау болса, ұзынынан түсiп,
Ирең еттi.
Мынаны
Олай өтiп бара жатып
салып қалды.
Онысы
Тап сол жерде талып қалды.
Мұнымен тынбады,
Тағы бiрiн
Былай құйғып бара жатып,
Кескiлеп турады!.
Пой-пой-по-о-ой,
Жолындағылардың
Ешбiрi шыдап тұрмады!
Жандары жәһаннамға жол тартып
Пыр-пырлады.
Кiм көрген дәл осындай
хас батырды!
Мына тау мен тас та
Көшiп кетпей шаққа тұрды!
Сайыпқыран самғады!
Омпасынан түсiрмегенi қалмады.
Қаскүнеммен
Ымырасыз күрес бастады.
Келесiсiн әй-шәйға келтiрмей,
Шаншыды да тастады.
Қайтпас сапарға аттандырды!
Ананы да жiбердi сол жаққа,
Қарқын алды iс қатты!
Мынаның қолына да
Соның iзiмен кететiн
Жолдама ұстатты.
Көздi ашып жұмғанша
Көрiнгеннiң барлығын қырып салды.
Тiптi, сонау
Алысырақ тұстағыларға да
Құрық салды.
Әп сәтте айналада
Жағымсыз бейне қалмады!
“Сайыпқыран” атағы
Прәмi көкке самғады.
Бiрақ, бiз қатты жаңылыппыз!
Құтылдық деген
Iндет таратқыш қаскүнемдер
Ой-қырды қайта қаптады.
Шеттерiнен
Домалап жатыр олардың
Жанап өткенi, шаққаны.
Аусыл боп сиыр,
Топалаң келiп қой қалды.
Ертелi-кеш ақырып-шақыратын
Әтеш пен
Әңгiнiң де тiлдерi байланды.
Өңiрдiң тынысын бiлдiретiн
Тiршiлiк иесi қалмады.
Қайта оралған пәлелер
Сыпыра жалмады...
Сөйтсек, әлгi сайысқанын қыратын
Сайыпқыран
Бойындағы қуатын
Себеппен емес,
Салдармен шайқасуға сарқыпты.
Себеп назардан тыс қалған соң,
Салдар боп қаптап жатқан
Iндеттiң қарқыны
Кемiмептi, артыпты.
Ал себептi қайда десеңiз –
Жанынан көшiп кеткен тастап ел,
Әне, соно-оу тұстағы
Қорысқа айналған Шошқакөл!
Ол баяғыша
Бақа-шаян, құрт-құмырсқа,
Шыбын-шiркейдiң
Көзi болып жатыр.
Соларды өндiретiн зауыттың
Өзi болып жатыр!


***

Сайыпқыран болса,
Салдармен әлi сайысып жүр,
Сол үшiн
Қаймақ қосқан шай iшiп жүр!

Кемелбек ШАМАТАЙ
Алматы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар