1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22 (16208)   16 наурыз, бейсенбі 2017
16 наурыз 2017
«Кіндік әке» 45-ке толды

 45 жыл бұрын «Кіндік әке» гангстерлік фильмінің алғашқы сериясы жарыққа шықты. Көптеген сыншылар әлем кинематографиясының тарихындағы үздік таспалардың бірі деп есептейтін туынды кинотеатрларда 280 миллион доллар жинаған. Ал фильмнің өзі 6 миллионға ғана түсірілген. Туынды өзегінде Марио Пьюзоның «Кіндік әке» романы жатыр. Режиссер Френсис Коппола «Бас тартуға болмайтын ұсыныс» тіркесін фильмнің басты сөзі ретінде алды. Картинада Аль Пачино, Марлон Брандо, Джеймс Каан сияқты атақты актерлер ойнады.
Фильмнің негізгі оқиғалары Америкада өрістейді. Дегенмен бірқатар эпизодтар мафия отаны Сицилияда түсірілген. «Кіндік әке» үш «Оскар» сыйлығына ие болды. «Үздік фильм», «Үздік үйлестірілген сценарий» және «Үздік актер жұмысы» (М.Брандо) аталымдары бойынша теңдессіз болды. Тағы 8 аталым бойынша финалға жетті. Америка кино өнері институтының нұсқасы бойынша америкалық кинематографтың тарихындағы ең таңдаулы өнімдер санатында үшінші орында тұр.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Шатур | 16 наурыз 2017 17:54
Кіндік әке емес, Өкіл әке.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті