1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22 (16208)   16 наурыз, бейсенбі 2017
16 наурыз 2017
Лиза күлкісінің құпиясы ашылды

Германияның Фрайбург университетінің нейробиологтары Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» картинасындағы жұмбақ жымиыстың себебін тапты. Ғалымдардың айтуынша, полотнодағы әйел өте бақытты болып көрінеді, оның суреттегі жалғыз эмоциясы сол ғана.
Зерттеушілер картинаның ақ-қара түсті 8 репродукциясын салыстырып көрген. Оның әрқайсысында бет-әлпеттің сәл өзгерістері келтіріліп, біреуіне мұңды, біреуіне көңілді кейпі салынған. Өзгерістерді зерттей келгенде, қараушылардың 97 пайызы «шынайы картинадағы бет-әлпет бақытты жанның кейпін береді» деген қорытынды жасапты. Ғылыми жұмыс авторларының бірі Юрген Корнмайер модельдің жүзіндегі бақыт пен бақытсыздық белгілерін қатар қойып көруде ешқандай қосар ой болуы мүмкін емес екенін айтады.
Ақпан айында британ өнертанушысы Джонатан Джонс Мона Лизаның жұмбақ жымиысы әйелдің мерезбен ауыратынын меңзейтінін айтқан-ды. Фрайбург ғалымдары бұл байламның түбірімен қате екенін дәлелдеді.
«Мона Лиза» (немесе «Джоконда») картинасын Леонардо да Винчи 1503-1505 жылдар аралығында салды. Суретке Флоренцияның жібек саудагері Франческо дел Джоконданың жары Лиза Герардини модель болған деп есептеледі.


АРМАНЫ АСҚАҚ МЕЛАНИ
Даун синдромымен ауыратын 21 жастағы француз қызы Мелани Сегар өзінің арманына қол жеткізді: ол теледидарда сөйледі. Мелани France 2 ұлттық қоғамдық телеарнасының эфирінде жұртшылыққа ауа райын таныстырды.
Меланидің арманының іске асуына Франциядағы қабілеті шектеулі жандарға көмектесетін қоғамдық қор қол ұшын созған. Қор қыздың теледидардан көрінуі үшін «Бұл Меланидің қолынан келеді» деген науқан ұйымдастырды. Сөйтіп, қоғам теріс айналмай көмектесе білсе, Даун синдромымен сырқаттанған жандар да жетістіктерге жете алатынын дәлелдеді.
Әлеуметтік желілерде Меланидің мақсатын қолдап, 10 күн ішінде он мыңға жуық адам лүпіл басқан. Эфир алдында арманы асқақ қыз төрт күндік тренингтен өтті. «Мен басқалардан ерекшемін, дегенмен қолымнан көп нәрсе келетінін дәлелдеуге ықыластымын» деді Мелани журналистермен кездесуде. Францияда Даун синдромына шалдыққан 65 мың адам тұрады, ал әлемде 60 миллионнан астам адам осы сырқатпен ауырады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар