1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22 (16208)   16 наурыз, бейсенбі 2017
16 наурыз 2017
ХХІ ғасырға келген перғауын

Жақында археологтар Мысыр қаласының шығыс бөлігінен сегіз метрлік алып ескерткіш тапты. Мүсін кварциттен жасалған. «Бет-бейнесі Египетті 3 мың жыл бұрын билеген Рамзес ІІ-ге ұқсайды» дейді мамандар.
Қазынаны Египеттің ежелгі мұралар министрлігі адамзат тарихындағы ең маңызды жаңалықтардың бірі деп бағалап отыр. Ескерткіштің бюсті мен басының жарты бөлігі табылған. Ежелгі Гелиополис қаласындағы Рамзес ІІ перғауын сарайының үйінділері бүгінде жерасты суларына шайылып кеткен. Ескерткіш соның бір бөлігінен шығыпты.
Ұлы Рамзес ІІ Египетті біздің дәуірімізге дейінгі 1279-1213 жылдар аралығында биледі. Ол өз дәуірінің ең қуатты және даңқты билеушісі болды делінеді.
Жақында табылған адамзатқа ортақ қазына бір бұл емес. 2016 жылдың 14 қарашасында испан археологтары Египеттегі Луксор қаласының маңынан өте жақсы сақталған ежелгі мумияға жолыққан болатын.

ПІЛ ДЕ АРДАҚТАУҒА ЛАЙЫҚ
Таиландтың батысындағы Канчанабури қаласында «Пілдерді сақтау қоры» алып жануарларға арнап швед үстелін жайды. Бұл мерекенің есебін қор қызметкерлері YouTube желісіндегі Elephantnews парақшасында жариялады.  Шара кезінде жергілікті тұрғындар ұлттық киім киіп, саз аспаптарында ойнады, ал пілдер ағаштан жасалған ұзын үстел үстіндегі банандар мен қарбыздардан дәм татты.
Қор басшысы бұл шараның пілдердің шаруашылықтағы ауыр жұмыстарды атқаруға әлі күнге көмектесіп келе жатқанына алғыс ретінде ұйымдастырғанын айтады. Мерекеге қатысқан туристер тай халқының кең пейіліне риза болды.
Таиланда пілдердің ұлттық күні 1998 жылдың 13 наурызынан бері атап өтіліп келеді. Піл – Таиландтың ұлттық символдарының бірі. Қазір Корольдікте 2,7 мың жұмысшы, 3,5 мың жабайы піл тіршілік етіп жатыр.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар