1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (16211)   30 наурыз, бейсенбі 2017
30 наурыз 2017
Жұлдыздар қайта жарасты

Жарты жылдан бері бір-біріне қырын қабақ танытып, талай қаңқу сөзге себепкер болған Анджелина Джоли мен Бред Питт өзара татуласып, бір-бірімен адвокатсыз тілдесе бастаған көрінеді. People басылымының мәліметінше, Бред Питт қазір өзін анағұрлым жақсы сезініп, бақыт құсы басына қайта оралғандай сезімде жүрсе керек. Кикілжің кезінде үйдегі дау-дамайдың айдай әлемге жария болғаны оның жанына қатты батқан. Абырой болғанда, қиын кездер артта қалып, қос жұлдыз мәмілеге келе бастады. Жақында ABC телеарнасына берген сұхбатында Анджелина Питтің тамаша әке екенін айтып, күйеуінің мерейін өсіргендей болыпты.
Жалпы, Голливудтың ең жарасымды жұбының арасындағы өшпенділік өткен жылы қыркүйекте олардың ажырасатындығы туралы сөз шыққан сәтте ушыққан. Күні кешеге дейін екеуі әртүрлі баспасөз беттерінде бір-бірін жазғырып, айыптаумен болған. Ата-аналық мейірімі жөнінен де өзге әріптестерінен айрықша ерекшеленетін бұл ерлі-зайыптылар үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отыр.

ЖИЕННІҢ ЖАҢА МАХАББАТЫ

Бұл өмірде біреулердің достасып, енді біреулердің қоштасып жатуы, әрине, заңды құбылыс. Бір қатынасқа нүкте қойылған тұстан екінші қатынас басталады. Ресейлік танымал режиссер Егор Кончаловскийдің басынан дәл қазір осындай жағдай өтіп жатыр.
Жиырма жыл отасқан жары, актриса Любовь Толкалинамен арақатынасын үзген ол жақында жүрегінің ендігі қалауы кім екенін жария етіпті. Айтуынша, 51 жастағы режиссердің көңілі кино мен шоу-бизнеске мүлде қатысы жоқ және өзінен айтарлықтай жас заңгер қызға ауыпты. Есімі актердің қызымен аттас, яғни Мария екен. Оны қайдан кездестіргенін сұраған тілшіге режиссер: «Сотта кездестірдім. Ол мені қорғады, бірден ұнатып қалдым», – деп жауап беріпті және ғашығының өз анасы Наталья Арынбасаровамен бірге Кончаловскийдің қала сыртындағы үйінде тұрып жатқанын мәлімдепті.
Сонымен бірге Е.Кончаловский өзінің бұрынғы жұбайының да біреуді кезіктіргенін айтқан. Бірақ оның рас-өтірігі жөнінде актриса әзірге ләм-мим демеген. Ал Е.Кончаловский мен Л.Толкалина ВГИК-тің 1-курсын бітірген кезде танысқан. Ол уақытта Л.Толкалина небәрі 17 жаста болған. Ерлі-зайыптылар 2001 жылы Мария есімді қыз сүйген. Ұзақ жылдар бойы бірге тұрғанына қарамастан, жұбайлар некесін ресми түрде заңдастырмаған. Е.Кончаловскиймен арадағы қатынастың үзілгенін Толкалина осыдан үш ай бұрын фейсбук әлеуметтік желісінде жазған. Бұл ажырасудың себебін режиссер азаматтық некедегі жұбайымен арада ортақ қызығушылықтың өте аз болғанымен түсіндірген.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар