1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (16211)   30 наурыз, бейсенбі 2017
30 наурыз 2017
СУРЕТТЕГІ ЖАСЫРЫН МӘН

Димаш Құдайбергеннің продюсері Алпамыс Шарымов жас жұлдыздың Қытайдағы мәртебелі байқаудың сыйлық тапсыру салтанатында түсірілген суретінен жасырын мән аңғарыпты. Өзінің бұл сезімімен Instagram парақшасында бөліскен Алпамыс: «Кім байқады?! Әдейі емес, бұл – кездейсоқ түсірілген сурет. Басылымдарға да жария болған сурет! Осындай премиялардың жүзін көрдім, мықтылардың мықтысы саxнаға шығып қуанған сәтте ұтқан жүлдесін (статуэтка), сыйлығын биікке көтеретін еді... Біздің Димаштың оң қолындағы микрофоны одан да биік тұр! Қуанғаннан, мүмкін, тым философ болып кеткен шығармын, бәлкім! Бірақ сол қолындағы жүрек тұсындағы марапаты оң қолындағы биікке көтерілген микрофоны болмаса келмес те еді... Алланың құдіреті дер едім бұл суретті! Бұл – белгі... Қаншама қуанғанмен, ненің қадірі биік екенін ұмытпауымыз керек дегендей сыр кешеді бұл сурет!» – деп тебірене жар салыпты.
Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Димаш Құдайберген Қытайда Top Chinese Music Awards сыйлығын «Азияның ең танымал әншісі» аталымы бойынша жеңіп алған болатын.

ДИМАШТЫҢ ДАУСЫНАН КЛАРИС ӨЗІН «ЖОҒАЛТТЫ»
Қазақтың жұдырықтай ғана баласы таудай талантымен дүйім дүниені дүр сілкінтуде. Біреулер «Мұндай дауыспен тіпті соғысты да тоқтатуға болады» десе, енді біреулер «Бұл не сиқыр? Неткен дауыс? Бұл адам ба, періште ме?» деп таңдай қағысып әлек.
Димаштың талантына табынушылардың қатары күн сайын толыққан үстіне толығып жатыр. Сонау Үнді мұхитындағы Реюньон аралынан Кларис есімді француз қызы әлеуметтік желіде Димашқа бейнеүндеу арнап, оған қоса, өзінің орындауындағы «Дайдидау» әнін жолдапты. «Сіздің таңғажайып талантыңызбен таныса отырып мен өзімді жоғалтып алдым. Тіпті айтарға сөзім жоқ. Әлдекім сіздің даусыңызбен соғысты тоқтатуға болады деген екен, осымен бәрі айтылып тұр. Сіздің даусыңызды тыңдаған кезде қандай сезімде болатынымызды басқа сөзбен жеткізу мүмкін емес», – дейді Кларис.
Ол сондай-ақ: «Шынымды айтсам, мен сұлулық, махаббат, сезім – бәрі-бәрі әннің тұла бойында тұнып тұрғанын ешқашан естімеппін. Бұл ғажап! Қалайша бұлай? Бұл менің түсінігімнен тыс, тіпті айтуға да оңай емес. Сізге алғыс айтқым келеді. Осындай талантыңызды бөліскеніңіз үшін рақмет. Сіз бір аптаның ішінде өзге тілдердегі әндерді үйреніп айта алатыныңызды көрсеттіңіз. Енді сіздің тілде де бірдеңе үйрену кезегі – біздікі деп ойлаймын. Мен «Дайдидау» әнін айтуға тырыстым, өйткені сіз үшін бұл әннің қымбат екенін білемін», – деп, өзінің не себепті қазақша ән айтуды ұйғарғанын да жасырмапты.
Бір айта кетерлігі, француздардың Димаштың өнеріне бұлайша таңдай қаға тамсануы бірінші рет емес. Бұған дейін France 2 мемлекеттік телеарнасы Димаш Құдайберген феноменіне тұтас репортаж арнап, оны ел көрермендерінің 40 пайызын қамтитын таңертеңгілік Telematin бағдарламасынан көрсеткен.
Өзге жұрт бағасын біліп, даңқын асырып жатқан шын мәнісіндегі нар ұлдың қадіріне өзіміз жете алар ма екенбіз?..
 

Р.СЕРІКБАЙ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар