1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (16212)   4 сәуір, сейсенбі 2017
5 сәуір 2017
Қара шаңырақта геологтар марапатталды

Қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын «Ембімұнайгаз» АҚ Геолог күніне орай салтанатты шара өткізді. Оған «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылығы, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «Карповский Северный» ЖШС кәсіпорындары ұжымдарының өкілдері мен ардагер мұнайшылар, «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты басқармалардың геолог мамандары қатысты.

Салтанатты шараны құттықтау жылы лебізімен ашқан «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбеков Ембі кен алаңдарының геологиялық барлау жұмыстарының бүгінгі тынысына жан-жақты тоқталды.
– Компанияның алдында тұрған тың бастаманың бірі – тұзасты қабаттарын бұрғылау жұмыстары. Ембілік мамандар осы бағытта жан-жақты ізденіс үстінде. Геологиялық барлау жұмыстарын және терең бұрғылауды жүргізу үшін перспективалы тұзасты қабаттары анықталды. Геологиялық-барлау жұмыстары бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде өткен жылы «Шығыс Уаз» бен «Орталық Новобогат» (Лиман блогы) кен алаңдарында барлау жұмыстары аяқталды. Кәсіпорынның болашағы жаңа кеніштердің ашылуымен, перспективалы алаңдардың тыңғылықты зерттелуімен байланысты екені бәрімізге белгілі. Бұл орайда, Тайсойған мен Қаратон-Сарқамыс блоктарында зерттеу-барлау жұмыстарын жандандыру мәселесі күн тәртібінде тұр, – деп атап өтті өз сөзінде А.Жақсыбеков.
Салтанатты жиында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор Қ.Нұрғалиев сөз алып, геологтарды және ардагерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Қазақстан 100 жылдан астам уақыттан бері мұнай өндіріп келеді. Мұнай-газ секторы бүгінде стратегиялық салаға айналды. Геологтар жер қойнауын барлау, мұнай-газ қорларын көбейту, жаңа кен орындарын игеру, өндіріс көлемін арттыру сияқты жауапты міндеттерін абыройлы атқарып келеді. Сіздерге жүктелген жауапкершілік жүгі ауыр, салмақты. Сіздер мамандыққа адалдық деген қағиданы берік ұстанып, бұл саладағы жұмыстарды табысты атқаруға күш салып отырсыздар. Өнім көлемін ұлғайтудағы ізденістер, тиімді геологиялық техникалық шаралар, өндіріске енгізіліп жатқан жаңалықтар өз нәтижесін беріп отыр. Компания өндірістік қызметінде жеткен жетістігінде сіздердің әрқайсыңыздың үлкен үлесіңіз бар. Мемлекетіміздің геология саласында жүргізіп отырған саясатының дәйекті асуы жолында биік белестерді бағындыра беріңіздер, – деп атап өтті.
Салтанатты шарада Қазақстан мұнай-газ және энергетика саласын дамытуға қосқан үлестері үшін жекелеген мамандар KAZENERGY қауымдастығының медалімен, Құрмет грамотасымен, алғысхатымен, сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен, алғысхатымен марапатталды. Ембі кен алаңдарында мұнай-газ қорын іздеу-барлау бағдарламасын жүзеге асыруға зор үлес қосқан бір топ ардагер геологтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Дәурен САДУАҚАСОВ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар