1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27(16213) 6 сәуір, бейсенбі 2017
6 сәуір 2017
Мао әлі де қымбат

Америкалық суретші Энди Уорхолдың қылқаламынан шыққан Мао Зедунның портреті Гонконгтағы аукционда 12,6 млн АҚШ долларына сатылды. Сурет белгілі «Сотбис» аукцион үйінде саудаға түсті. Сатып алушы өз атын айтудан бас тартқан. Оның азиат екені және осындай портреттерді жинаумен айналысатыны ғана белгілі.
Қытай көсемі суретінің ең жоғары бағасы15 млн доллар делінген болатын, бірақ ешкім сауданы оған жеткізген жоқ.
Уорхол Мао Зедунның үш түсті портреттер сериясын 1973 жылы салды. Бұл жолы сатылғаны – Маоның қызыл френч киіп тұрған суреті.
 

ХАЛДЕЙ МҰРАСЫНДА ХИУАЗ БЕЙНЕСІ БАР МА?
Мәскеудің «Мультимедиа Арт Музей» мұражайында 6 сәуір-11 маусым аралығында белгілі кеңес фототілшісі Евгений Халдейдің көрмесі өтеді.
Биылғы 24 наурызда Халдейдің туғанына 100 жыл толды. Ол қалың жұртшылыққа «Рейхстагқа тігілген Жеңіс туы» атты даңқты суретімен белгілі.
Халдей алғаш рет фотоаппаратты 16 жасында ұстапты. Бірден ТАСС тілшісі болып жұмысқа кіріскен. Екінші дүниежүзілік соғыста ол «Лейка» атты неміс фотоаппаратын қолынан тастамай, кейінгі ұрпаққа соғыс қасіретін әйгілеген мыңдаған фотосурет түсірді.
Кейін Халдей түсірген суреттер гитлерлік Германияның бұрынғы басшыларын Нюрнбергте сотқа тартқан кезде тікелей айғақ болды. Тіпті мынадай оқиға да болған екен. Рейхстаг төрағасы Герман Герингтің соты жүріп жатқан уақытта бір америкалық фотограф Халдейге келіп, біреулерді түсіру қажеттігін айтады. Оларды әр үстелде 4-4 адамнан отырған бір залға әкеледі. Бұлар тамақтанып отырған бұрынғы әскери басшылар болып шығады. Фотографтарды көргенде кейбіреу беттерін қалқалап, кадрға ілінбеуге тырысады. Кеңес әскери формасын киген Халдейді көрген Геринг атып тұрып айқайға басады. АҚШ лейтенанты оның неге ашуланғанын сұрап, тіпті басылмай қойғасын басынан таяқпен бір қояды. Осыдан кейін ғана Геринг тынышталған деседі.
Соғыстан кейін Халдей ұзақ уақыт қуғынға ұшырап, ақыры ұмытыла бастады. 20 жыл бұрын оның отбасының досы АҚШ-тан бірнеше мың негатив пен дайын суреттер әкеледі. Ал соңғы 15 жылда фотографтың қызы әкесінің мұрагері екенін сотта дәлелдеп, Халдей мұрағатының Ресейге оралуына еңбек сіңірді.
Бір суретінде Халдей №46 әйелдер авиаполкінің 1943 жылдың қыркүйегіндегі демалыс сәтін түсіріп алыпты. Бұл – «түнгі мыстандар» атанған, біздің Хиуаз Доспанова құрамында болған атақты полк. Фотодан Надежда Попова мен Ирина Себрованы байқауға болады. Кім біледі, осы мұрағат ішінде Хиуаз апамыздың да соғыс кезіндегі бейнесін тауып алуға болар...

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар