1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27(16213) 6 сәуір, бейсенбі 2017
6 сәуір 2017
Мәңгі махаббат осы ма?

Ұлыбританияда кәрі әйел 70 жыл отасқан күйеуінен кейін араға 4-ақ минут салып қайтыс болды. Бұл туралы The Telegraph басылымы хабарлады.
Бақытты жұп соңғы кездері бір-бірінен бөлек тұрған. 93 жастағы күйеуі Уилф Рассел Лестершир графтығындағы қарттар үйінде өмірінің соңғы күндерін өткізді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерге бір жыл бұрын «ақыл-естің кемуі» деген диагноз қойылған. Ал 91 жастағы Вера Рассел биылғы қаңтардан бері ауруханада жатқан-ды. Кездескен кезде жары өзін танымай қалатыны байқалған соң, Вераның денсаулығы да күрт нашарлаған.
29 наурыз күні таңғы сағат 06:50-де Уилф соңғы демін шығарды, ал одан бес шақырым жердегі ауруханада жатқан Вера сағат 06:54-те өмірмен қоштасты. Жарының өмірден өткенін әжей естіп те үлгерген жоқ.
Уилф Вераға сырға таққанда 18 жаста екен. Дегенмен олар Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң ғана, 1945 жылдың 5 қыркүйегінде үйленіпті.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар