1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27(16213) 6 сәуір, бейсенбі 2017
6 сәуір 2017
Евтушенконың аманаты

1 сәуір күні орыс ақыны Евгений Евтушенко АҚШ-та қайтыс болды. Ол өзін Мәскеу түбіндегі Переделкино поселкесіне жерлеуді аманат етіп қалдырыпты. Бұл туралы Евтушенконың мерейтойлық фестивалінің бас продюсері Сергей Винников мәлім етті.
«Сергей, мен ауруханада өте қиын жағдайда жатырмын. Дәрігерлер соңғы сағаттарым қалғанын айтады. Сіздерді қиын жағдайға қалдырып бара жатқаным үшін кешірім өтінемін. Сонда да біз жоспарлаған жобаларды – консерваторияның үлкен залындағы және Кремль сарайындағы қойылымды менсіз-ақ өткізіп шығуларыңызды өтінемін. Маған уәде беріңіз. Арғы дүниеге жаным жай тауып кетсін», – депті ақын. Ол өзінің сүйегін Пастернак зиратына таяу тұсқа жерлеуін өтінген.
Биылғы 18 шілдеде ақын 85 жасын атап өтуге дайындалып жүрген-ді. Үлкен тур өткізіп, Ресей қалаларынан бөлек, Беларусь пен Қазақстанға да гастрольмен баруды жоспарлапты.
Ақынмен қоштасу алдымен АҚШ-та, одан кейін Ресей астанасы Мәскеуде өтеді. Сүйегі жер қойнына 7-ші немесе 8 сәуірде тапсырылуы мүмкін. Переделкино зиратына қазір адам жерлеуге тыйым салынған. Дегенмен Евтушенко үшін тәртіпті сәл өзгертуге тура келетін сияқты.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар