1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (16217)   20 сәуір, бейсенбі 2017
20 сәуір 2017
Сахнадағы ажал

Мексикада пасхаға арналған қойылым кезінде Иуда рөліндегі актер тұншығып қайтыс болды. Ол апостолдың өзін-өзі өлтірген сәтін ойнап жатқанда, аяғының астындағы тіреу тайып кеткен. Жедел жәрдем келгенше 23 жастағы актерге көрермендер көмек көрсеткенімен, ол ауруханаға жетпей жан тапсырды.
Оқиға бойынша полиция да зерттеу жүргізіп жатыр, дегенмен жазатайым жағдай екенін куәгерлер растайды.
Актерлердің қойылым кезінде қайғылы оқиғаларға душар болуы бір бұл емес. 2016 жылдың ақпанында жапон актері Даиго Кашино қойылымға дайындық жасап жатып самурай қылышынан қатты жарақаттанған. Артынша ауруханада қайтыс болды.
Өткен жылдың қаңтар айында Италияның Пиза қаласында өзін-өзі өлтіру эпизодын ойнап жатқанда актер Рафаэль Шумахер байқамай асылып қалған. Оны медициналық білімі бар бір көрермен дереу байқап қалып құтқарғанымен, Шумахер ауруханада бір апта жатып дүниеден өтті.

МАХАББАТ ХАТЫ САУДАҒА ҚОЙЫЛДЫ
Әйгілі жазушы Эрнест Хемингуэйдің неміс актрисасы және әншісі Марлен Дитрихке жазған махаббат хаты аукционға қойылды. Лот 30 мың долларға бағаланып отыр.
Хемингуэй бұл хатты 1952 жылдың 12 тамызында жолдап, соңына «Махаббатпен, мистер Папа» деп қол қойған. «Мен сені әрқашан сүйемін және саған деген түрлі сезімді бастан кешіре отырып сүйсінемін. Сен ғажап әдемісің. Ал мен... ұсқынсызбын», – деп жазады жазушы.
Аукцион Нью-Йорктағы Суонн галереясында 4 мамырда өтеді.
Хемингуэй мен Дитрих 1934 жылы танысқан. Араларында ешқандай қатынас болмағанға ұқсайды. Жазушының айтуынша, олар «үйлесімсіз құштарлықтың құрбаны» болған: біреуінің басы бос болғанда, екіншісі басқамен көңіл қосып жүрген. Марлен Дитрих неміс жазушысы Эрих Мария Ремаркпен және француз актері Жан Габенмен махаббат аңызын кешірген делінеді. Ал Хемингуэй төрт рет үйленген. 1961 жылы ол өз-өзіне қол жұмсады.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар