1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (16217)   20 сәуір, бейсенбі 2017
20 сәуір 2017
«Адидас» киген мумия

2016 жылдың көкек айында әлемнің ақпарат құралдары Моңғолияның Алтай тауларынан табылған ғажайып қазына жайлы жарыса жазды. 2800 метр биіктіктегі көне қорымды қазған археологтар әйел адамның жақсы сақталған мумиясын тауып алды. Онымен бірге киімдері, әшекейлері, түрлі заттар, темір жабдықтар, тұтас жылқы және қойдың басы жерленіпті.
Ғалымдар әйел адамның аяғындағы киімге қатты таң қалды. Аяқкиім кәдімгі «Адидас» фирмасының белгілі кроссовкаларына қатты ұқсайтын. Кейбір қиялгерлер мұны уақыт кеңістігіне саяхаттаудың таптырмас дәлелі ретінде де қарастырған-ды.
Кейінірек Моңғолияның Қобда қаласындағы мұражай директоры бұл «кроссовканың» қазіргі спорттық аяқкиіммен «үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын» мәлімдеді. Бұл – сол дәуірдегі түркілердің ұлттық аяқкиімі. Ғалымдар анықтағандай, әйел 1100 жыл бұрын өмір сүрген. Ол 30-40 жаста басынан тиген соққыдан көз жұмған болуы мүмкін. Өйткені жақ сүйегінде ауыр соққының ізі бар. Әйел тігінші болған сияқты, оның зиратынан табылған заттардың көпшілігі тігіншіге тиесілі. Мумия иесі орта тап өкілі болғанға ұқсайды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар