1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 40 (16226) 18 мамыр, бейсенбі 2017
18 мамыр 2017
Ақсүйек қыз қарапайым жанға айналады

Жапон ханзадасы Акисиноның үлкен қызы және император Акихитоның бірінші немересі Мако ханшайым өзінің курстасы Кеи Комуроға тұрмысқа шығады. Жастар Хитоцубаси университетінде оқиды. Бұл туралы император сарайының іс басқарушысы хабарлады. Құдаласу маусым айында жария етіледі, ал үйлену тойы 2018 жылы өтеді. Осыдан кейін Мако император отбасынан ресми түрде шығады да, қарапайым азаматшаға айналады.
Комуро мен Мако бес жыл бұрын, халықаралық христиан университетінде оқып жүргенде танысқан. Бір жылдан кейін Кеи ақсүйек қызға жүрегін ұсыныпты. Акисино ханзада мен Кико ханым перзенттерінің таңдауын құптап, батасын берді. Күйеу жігіт 25 жаста. Ол Йокогама қаласында анасымен және атасымен бірге тұрады. Токио орталығындағы заң фирмасында жұмыс істейді, ал Хитоцубаси университетінің аспирантурасында қосымша білім алып жүр.
Мако император Акихитоның ұзатылатын бірінші немересі болмақ. Содан кейін император отбасында 18 адам қалады. Оның алтауы – тұрмысқа шықпаған ханшайымдар.
2005 жылы Жапония императорының жалғыз қызы Саяко ханшайым Курода есімді мемлекеттік шенеунікке тұрмысқа шықты. Содан кейін ол ханшайым санатынан шығып, билеуші отбасынан кеткені үшін 150 млн йен (1,3 млн доллар) өтемақы алыпты.

Көлік ұшатын күн жақын

«Тойота» компаниясы «Скайдрайв» ұшатын автомобилін жасап шығару үшін 375 мың доллар бөлді. Жобаны жас инженерлер тобы 2012 жылы қолға алған еді. Олар әуелі мұны қоғамдық шаруа ретінде бастады. «Тойотаның» инвестициясы арқылы жасалатын ұшатын көліктің алғашқы сынағы 2018 жылы өткізілмек. Фирма аппаратты 2020 жылы Токио олимпиадасының алауын жағуға пайдалануды жоспарлап отыр.
Автомобильдің ұзындығы – 2,9 метр, ені – 1,3 метр. Оның үш дөңгелегі және көлік аумағының периметрінде орналасқан төрт роторы бар. Жаңа көлік сағатына 100 шақырым жылдамдықпен 10 метр биіктікте ұша алады.
«Автокөлікті ары қарай дамыту инфрақұрылымды толық жаңартпай мүмкін емес. Жеңіл көліктердің күн санап көбейіп бара жатқанын бағамдай отырып, «Тойота» компаниясы уақыттың алдына шығуға тырысады. Яғни жолдардың шектен тыс кептелекке тап болмауы үшін жаңа өрістер іздейді», – дейді «Тойота Моторс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Такси Утиямада.

Жанартау атқыласа...
Италияның Неаполь қаласының маңындағы Флегрей алқабында жанартау оянып келеді. Бұл туралы Лондон университеті колледжі мен Везувий обсерваториясы геологтары мәлімдеді. Жанартау дәл қазір болмаса да, алдағы онжылдықтардың бірінде атқылауы ықтимал. 1950 жылдардан бері Флегрей алқабы аумағында ара-тұра жер сілкініп тұрады. Сейсмикалық белсенді аумақта орналасқан Поццуоли портты қаласының тұрғындары соның салдарынан басқа аймақтарға көшірілді. Мұндай жайт 500 жылға жуық уақыт бұрын да болып, 1538 жылдың 29 қыркүйегінде жанартау атқылап бір-ақ тоқтаған екен. Соның нәтижесінен биіктігі 139 метрлік Монте-Нуово тауы пайда болған.
Ғалымдар жанартау жарылысының компьютерлік үлгісін пайдалану арқылы жердің сілкінуі жер қабатында энергияның жинақталуынан болатынын анықтады. Олардың айтуынша, Флегрей алқабының қойнауындағы үш шақырымға созылған магма қозғалысы жердің қыртысын өзгертеді, содан лава сыртқа атылады. Дегенмен оның қай уақытта болатынын нақты айту қиын. Өйткені балқыған жер қабаты сыртқа шыққанша жанып бітіп кетуі де мүмкін.
Поццуоли қойнауындағы жанартау аумағы 100 шаршы шақырымға жетеді. Мамандардың айтуынша, ол атылса, Неапольге де қауіп төнуі мүмкін. Ғалымдар алдағы уақытта да зерттеуді жалғастырып, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жолдарын қарастыра бермек. Флегрей алқабындағы жанартау 40 мың жыл бұрын атқылаған делінеді, оның аумағы 1,1 млн шаршы шақырымға жетіпті.

Ақылды адамның тілі ащы
Ғалымдар ақылды адамның ерекше үш белгісін тапты. Біріншісі – ақылдылар балағат сөздерді көп қолданады. Көп жағдайда адамдар анайы сөздер мен тіркестерді тіл байлығы жетпей қалған кезде қолданады делінеді. Алайда жаңа зерттеу бұл көзқарастың қате екенін анықтады. Егер адам бір минут ішінде балағат сөздерді барынша көп айта алса, оның IQ-тестінің нәтижесі жоғары болады.
Екіншісі – ақылдылар табиғаты үкіге жақын. Яғни түнде ұйықтамай, көп жүретін адамның ақылы көп. Барак Обама, Чарльз Дарвин, Уинстон Черчилль, Элвин Пресли сияқты әлем таныған тұлғалардың бәрі – «үкілер».
Үшінші – ақылдылардың жұмыс үстелі үнемі шашылып жатады. Миннесота (АҚШ) университетінің қызметкерлері арнайы зерттеу жүргізіп, данышпандардың үстеліндегі ретсіздік олардың ақыл-ойына байланысты екенін анықтаған. Егер сіз үй жинауға немесе айналаңызды реттеуге көп уақыт жұмсамайтын болсаңыз, сіздің ақылыңыз басқа маңызды мәселелерден бос емес дегенді білдіреді. Мұндай ретсіздік шығармашылық өнімділікке алып келеді екен.

Тоқымдай Жер – 3 Миллиард Доллар
Гонконгтағы үкімет аукционында әлемдегі ең қымбат жер учаскесі сатылды. Оны Henderson Land Development компаниясы 3 млрд долларға сатып алды. Компания әлемдегі ең бай адамның бірі Ли Шаукиге тиесілі. Жерді сатып алуға сегіз компания таласты, оның ішінде ҚХР өкілдері де болды. Henderson Land Development осы жердің әрбір шаршы футы (0,09 шаршы метр) үшін 6460 доллар төледі. Сарапшылар жер құнын 2,8 млрд долларға бағалаған, сатып алушы одан сәл қымбатқа иеленіп отыр.
Гонконг қаласының дәл ортасындағы жер учаскесінде қазір бесқабатты автотұрақ тұр. Бай компания оны 2022 жылға қарай сүріп тастап, орнына кеңсе ғимаратын салмақ.
Қызығы сол – бұл сауда ғимарат айналасындағы жылжымайтын мүліктің бағасына қатты әсер етті. Содан бері үйлер 11 пайызға қымбаттап кетіпті.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар