1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16234)   15 маусым, бейсенбі 2017
15 маусым 2017
Жас мұнайшылар бас қосты

1922 жылы «Ембімұнай» тресінің негізінде құрылған «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына биыл 95 жыл толып отыр. Осыған орай, акционерлік қоғамда іс-шаралар легі басталып та кетті. Соның бірі балаларға арналған болса, екіншісі – осымен мерейлі бесінші рет өткізіліп отырған «Жас мамандар күні».
Компания ұжымы үшін жаз бойы қайырымдылық-демеушілік, спорттық және мәдени шаралар қыза түспек. Жаз демекші, демалысқа шыққан балалар арасында «Мұнай өндірісі – бала көзімен» атты жас суретшілер байқауы өтті. Шараны ұйымдастырудағы мақсат – балалардың шығармашылық ынталарын шыңдаумен қатар, олардың ата-аналарының жұмысын қаншалықты жақсы білетіндіктерін байқау. Жас суретшілер сайысына компанияға қарасты басқармалар мен орталық аппарат қызметкерлерінің балалары қатысты. Барлығы 7-14 жас аралығында 40 шақты жеткіншек сайысқа түсті. Нәтижесінде 26-сы үздік деп танылды. Олардың құрметіне дастархан жайылып, сыйлықтар берілді. Жеңімпаздарды «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының бас кеңсесінде «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Ануар Жақсыбеков құттықтады.
– Алғаш 1922 жылы «Ембімұнай» тресі болып құрылған компания күні бүгінге дейін өнім өндіріп, еліміздің және Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Ембілік мұнайшылар мұнайлы өңірдегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды, мүмкіншілігі шектеулі балаларды, дарынды жеткіншектерді үнемі қамқорлыққа алып, қолдау көрсетуде. Компаниямыздың 95 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралардың балаларға арналған акциядан бастау алуы да тегін емес. Өйткені олар – біздің болашағымыз, – деді ол.
Ал 8-9 маусым аралығында «Жас мамандар күні» аталып өтті. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ына қарасты еншілес мекемелердің жас мамандарының басын қосатын бұл шара осымен бесінші рет шымылдығын түріп отыр. Атырауда екі күнге созылған ғылыми жобалар сайысында Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Астана қаласынан келген жас мамандар бас қосты.
– Биылғы форумның біздің компанияның базасында – 95 жылдық мерейтой қарсаңында өтіп жатқаны біз үшін ерекше. Қазақ мұнай-газ саласының болашағы білімді мамандардың қолында. Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыру биылғы жылдың жаңалығы, конференция барысында қатысушылар жаңа технология мен перспективалы жобаларды жүзеге асыру барысымен таныстырады. Бұл – компаниялар арасындағы тәжірибе алмасудың тамаша алаңы, – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директоры Қуанышбай Нұрғалиев.
«Қазгермұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері Ерсейіт Қайыпов мұнайлы өңір – Атырау жеріне алғаш қадам басып отырғанын айтады.
– Менің ғылыми жобам «Бұрғылаудың оптимизациясы» деп аталады. Мұндағы мақсат – геомеханика ғылымына сүйеніп, ұңғымалардың механикалық сапасын анықтау. Сол арқылы бұрғылауға кететін 40 күнді 30 күнге шегеру. Сонда ұңғыманың өзіндік құнын да артығымен ақтап шығуға болады. Қызылордада Ақсай, Ақшабұлақ, Нұралы кен орындары бар. Бірақ мұндағыдай мұнай-химиялық өндіріс орындары жоқ. Біздегі бағыт – жер қойнауын пайдалану, – деді ол бізбен әңгімесінде.
«Ембімұнайгаз» компаниясының жас инженер-метрологі Әсет Боранғалиев құрылғылардың жұмысын тексеріп, бақылаумен айналысады.
– Қызмет сапасын мемлекеттік тексерістен өткізіп, мамандарға сертификат береміз. Мұндай байқауларда жастар мол тәжірибе жинақтайды. Ғылымға деген қызығушылықтары артады. Жан-жақтан келген мұнайшы, геолог, экономист, заңгерлермен танысып, жаңа жобалар жөнінде біліп жатырмыз. Компания қызметкерлері арасында дәстүрлі шараға айналып үлгерген жас мамандар форумы өте қызықты өтуде. Сол үшін ұйымдастырушыларға үлкен рақмет, – дейді ол.
Екі күндік форумның қорытындысында жоба жұмыстарының жеңімпаздары анықталды. «Геология және кен алаңдарын игеру» секциясы бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ қабат қысымын сақтау цехының техник-геологі Жарас Исламбердиевтің «Кольматациямен күрестің тиімді әдісі» (Перфорация интервалын тазалау) жобасы, «Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы» секциясы бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ ұңғымаларды зерттеу цехының аға инженері Руслан Акмухановтың «ППШ-О штангалық құралы» жобасы, «Экономика» секциясы бойынша «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС жетекші инженері Гибрат Ауғановтың «Еңбекті есептеуді енгізу» жобасы, «Өндіріс процесін жақсарту, энергетика және АСУТП» секциясы бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ Барлау жұмыстары ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадасының операторы Бекназар Таласбаевтың «Ұңғымаларды жерасты жөндеу жұмыстарын оңтайландыру» жобасы және ЕМГ АҚ «Жайықмұнайгаз» МГӨБ мұнай дайындау және айдау цехының жөндеушісі Дархан Жаңабаевтың «ОПИ электронды тасымалдауды енгізу» жобасы үздік деп танылды.
Ғылыми-практикалық конференцияда «Көрермен көзайымы» номинациясын «Өзенмұнайгаз» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің маманы Бауыржан Байымбетов жеңіп алды.

Нұрсұлтан СӘДУАҚАСОВ
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар