1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16234)   15 маусым, бейсенбі 2017
15 маусым 2017
Көш басында – Роулинг

Forbes Woman журналының орыс редакциясы 2016 жылғы ең табысты әйел жазушылар рейтингін жариялады.
Бірінші орында – сиқыршы Гарри Поттер туралы кітаптар сериясының авторы, британиялық Джоан Роулинг. 2016 жылы ол өзінің «Фантастикалық аңдар және олардың тіршілік аралы» атты еңбегіне сценарий жазды және драматург Джек Торнмен бірге екі бөлімді «Гарри Поттер және қарғыс атқан балақай» атты пьеса жазып шықты. Сөйтіп, 19 млн доллар табыс тапты.

Ал «Ирландиялық жүректер», «Мак-Грегорлар», «Түнгі әңгімелер» және «Станиславскидің отбасы» шығармаларының авторы Нора Норбертс (АҚШ) өткен жылы 15 млн доллардан артық пайда көріп, екінші сатыға орналасты. Оның отандасы Даниэла Стил 15 млн доллармен үздік үштікті түйіндеді. Стилдің «Құмарлық уәдесі», «Зоя», «Отбасы альбомы» атты шығармалары оқырман ықыласына ие болыпты.
Ондыққа кіргендер арасында Эрика Джеймс («Елу түрлі реңк», 14 млн доллар), Пола Хокинс («Пойыздағы қыз», 10 млн-нан астам), Вероника Рот («Дивергент», 10 млн), Рейчел Пассел («Никкидің күнделіктері», 8,5 млн) сияқты авторлар бар. Тізімге 2016 жылы өз шығармаларынан пайда түсірген қаламгерлер ғана енгізілді.

«АСА БАЙЛЫҚ НЕ КЕРЕК...»
23 жастағы ағылшын қызы Джейн Парк лотерея ұйымдастырушыларын сотқа бермек. Кенеттен түскен байлық оның өмірін түбегейлі өзгерткен. «Сол табыс өмірімді құртты», – дейді Парк.
17 жасында Джейн бірінші рет лотерея сатып алып, бірден миллион фунт стерлинг ұтып алады (теңгеге шаққанда – 397 млн). Ұтысы қолына тиген соң, Джейн екі үй сатып алады. Анасын жағдайы төмен отбасыларға арналған муниципалдық пәтерден жаңа сарайына дереу көшіреді. Сосын күлгін түсті Range Rover алады, кеудесін үлкейтетін ота жасатады, ұнататын жігітіне күн сайын жаңа сыйлық жасайды.
«Мен оған апта сайын біресе Rolex сағатын, біресе көлік, біресе киім сатып әперетінмін. Қазір сол қылығыма қатты өкінемін», – дейді Парк.
Джейн белгілі дизайнерлердің киім-кешегі мен қымбат жағажайлардан тез жалығыпты. Ол қарапайым британдықтар демалатын орындарды сағынады. Асылтұқымды итін сатып құтылған, бір кезде көзінің құрты болған автомобильдің тым ыңғайсыз екеніне көзі жеткен. Ал ғашығы басқа біреумен қол ұстасып кете барған. Зәулім үй ішінде өзін тым жалғыз сезінгесін оны да саудаға шығарған.
Джейн көп ақшаның достарынан айырғанын және адами бақыттан барынша алыстатқанын айтады. «Заттан көп нәрсе жоқ, бірақ соған қарамастан, менің өмірім боп-бос», – дейді бай қыз. Ірі ақша оның психологиялық дағдарысқа тап болуына да себепші болған екен.
Енді Парк лотерея ұйымдастырушыларын сотқа беру жайын ойлап жүр. «Менің ойымша, 18 жасқа толмағандарға лотерея ойнауға рұқсат берілмеуі керек. Мысалы, мен үлкен ақшаға ие болсам да, оның жауапкершілігі барын мүлде сезінбеппін», – дейді ол.

Дайындаған Есалы ӨСТЕМІР

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар