1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
22 маусым 2017
Прорвада – жаңа қондырғы

Мұнай-газ саласының инфрақұрылымын дамыту еліміз үшін маңызды басымдықтар қатарында. Саладағы қуанышты жаңалықтың бірі – «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты Прорва кен орындарында газды кешенді дайындау қондырғысының іске қосылуы. Қондырғының іске қосылуымен өңірдің экологиясы жақсарып, алынатын өнім қоры да молаймақ.
Жаңа қондырғының салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қондырғы іске қосылып, алғашқы нәтижелерге қол жеткенде «Ембімұнайгаздың» экологиялық мәселені шешетінін атап көрсетті. «Компания ең алдымен алауларда ілеспе газды жағуды тоқтатады, ал оның аймақтағы қоршаған ортаға және жақын орналасқан Жылыой ауданы тұрғындары үшін маңызы зор. Бұл «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен оның еншілес кәсіпорындары үшін экология мәселесі мен жергілікті халықтың мұқтажы басты мәселе болып қалатынын тағы бір дәлелдейді», – деді С.Мыңбаев.
Жергілікті халықтың мұқтажы дегенде басшы газды кешенді дайындау қондырғысынан экологиялық зиянсыз әрі көбірек мөлшерде газ алынатынына меңзеді. Қондырғы ендігі жерде Прорва кен орындарындағы (С.Нұржанов, Батыс Прорва, Ақтөбе, Досмұхамедов) ілеспе мұнай газын кәдеге жаратып, аймақтағы аудандарды табиғи газбен қамтамасыз етпек.
Жылына 150 миллион текше метр ілеспе газды өңдеуге лайықталған кешеннің құрылысы 2014 жылы басталған болатын. Кешеннің құрылысына 35 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Құрылыс кезінде 500-ден аса уақытша жұмыс орны ашылған болса, енді оны пайдалануға бергеннен кейін кешенде компанияның 100-ге жуық жұмысшысы тұрақты еңбек етпек. Бұл туралы салтанатты жиында «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков айтты. Оның айтуынша, пайдалануға берілгеннен кейін газды кешенді дайындау қондырғысында тауар газ, тұрақты газ конденсаты және түйіршіктелген күкірт өндіріледі.
– Бұл компаниямыздың 95 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген қуанышты жағдай. Мұнайлы Ембі 100 жылдан бері ұлттық экономиканың және аймақтағы тұрақтылықтың дамуына үлес қосып келеді. 2012-2016 жылдар аралығында ғана компаниямыз республикалық және жергілікті бюджетке 625 млрд теңгеден астам салық төледі. Атырау облысының инфрақұрылымын дамытуға 1,7 млрд теңге жұмсаған болса, демеушілік пен қайырымдылық шаралары үшін де 1,7 млрд теңге бөлді. Бүгін біз үшін маңызды сәт. Алдағы екі ай көлемінде қондырғыны жобалық қуатына бергенге дейін кешенді қосу, реттеу жұмыстары жүргізіледі, – деді «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы.
Қондырғының ерекшелігі ретінде елімізде алғаш рет күкірт алу үшін MERICHEM фирмасының LO-CAT патенттелген технологиясы қолданылып отырғанын айтуға болады. Аталған технология экологиялық зиянсыз, улағыш химикаттары жоқ және зиянды әсері бар қалдықтарды шығармайды, күкіртсутегін жоюдың жоғарылығын қамтамасыз етеді. Газды дайындаудың барысы толық ароматталған және өндіріс кезінде апатты жағдайларға қарсы бірнеше қорғаныс түрлерін қарастырған.

Нұрсұлтан СӘДУАҚАСОВ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар