1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
22 маусым 2017
Құрғақшылық қасіреті таяп келеді

АҚШ пен Ұлыбританияның зерттеу тобының ғалымдары ғаламшардағы ауа температурасының шектен тыс жылынуы климаттық аймақтарды алмастырып қана қоймайтынын айтады. Бұл аномалды құбылыс жер бетіндегі адамдардың үштен бірін жоқ қылуы мүмкін.
Ғалымдар 1900-ден астам географиялық нүктенің температура көрсеткіштерін салыстыра келіп, кей аймақтарға толқындана келіп жатқан шектен тыс ыстықтың қайталануы мүмкін екенін айтады. Бұған Мәскеудегі, Париждегі және Еуропаның басқа да құрлық бөлігіндегі ауа райының күрт ысуы мысал бола алады. Биылдың өзінде қапырық ыстықтан мыңдаған адам қайтыс болды.
АҚШ зерттеу тобының жетекшісі Камило Мора табиғаттың мұндай өзгерісіне адам денесінің дайын емес екенін айтады. Адам ағзасы ми қайнатар ыстыққа тез бейімделіп үлгермейді екен. Алдағы 80 жылда ыстық ауа райынан жер тұрғындарының 75 пайызы зардап шегіп, тіпті жойылып кетуі де мүмкін.

БАЛА ҚЫМБАТ ПА, ЛАЙК ҚЫМБАТ ПА?
«Әл-Арабия» басылымы Алжир тұрғынының өрескел әрекеті үшін сотталғанын хабарлады. Ер адам өзінің кішкентай баласын 15-қабаттан салбырата ұстап тұрған суретін Фейсбук желісіне салып, астына «1000 лайк немесе мен оны тастай саламын» деп жазған.
Сәбидің қатты қорқып тұрғаны байқалады. Ең бастысы, оның жүзінен мұндай «жазаға» не үшін ұшырағанын түсінбейтінін аңдау қиын емес.
Желі қолданушылары бұл надандыққа қатты алаңдап, Алжир құқық қорғау орындарына шағымданған. Лайксүйгіш әке 18 маусым күні тұтқындалып, перзентінің өміріне қауіп төндіргені үшін екі жылға сотталды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар