1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
22 маусым 2017
«Нью-Йорк бандасының басшысы» кинодан кетті

«Оскар» сыйлығын үш рет иеленген британ актері Дэниел Дэй-Льюис актерлік карьерасын тәмамдады. Мұндай қадамға не итермелегенін ол ашып айтқан жоқ.
«Дэй-Льюис енді актерлікке қайта бет бұрмайды. Ұзақ жылдар бірге жүріп, ұзақ жолдардан бірге өткен әріптестері мен көрермендеріне ол зор алғыс айтады. Бұл – актердің өз шешімі. Өзі де, оның өкілдері де бұдан өзге түсініктеме бермейді», – деді Дэниелдің өкілі Лесли Дарт.
Дэй-Льюис – Америка киноакадемиясының «Оскар» сыйлығын үздік ер адам ролі үшін үш рет алған жалғыз өнерпаз. Алғаш рет ол «Менің сол аяғым» лентасында церебралды параличпен ауыратын адамның бейнесін сомдағаны үшін 1989 жылы «Оскарға» ие болды. 2007 жылы режиссер Пол Томас Андерсонның «Мұнай» деп аталатын фильмінде атаққұмар мұнайшының ролін ойнап, екінші статуэтканы олжалады. 2012 жылы режиссер Стивен Спилберг түсірген «Линкольн» фильміндегі Линкольн ролі үшін Дэй-Льюис үшінші рет үздік ер адам бейнесін сомдаған актер болып танылды. Көрермендер оны «Нью-Йорк бандасы» (2002) фильміндегі басбұзар ретінде де жақсы біледі.

ДИЗАЙНЫ ӨЗГЕРЕДІ
Еуроодақ жақында Шенген визасын басқаша безендіреді. Бұл визаны қолдан жасау әрекеттерінің алдын алу үшін істеліп отыр. Еуроодақ кеңесі таратқан мәлімет
бойынша, қазіргі виза жапсырмасы 20 жылдан бері қолданылып келеді. Оны қолдан жасап, алаяқтықпен айналысқандар аз емес.
Өзгерістер Ирландия мен Ұлыбританияға қатыссыз іске асады. Дегенмен осы елдер өтініш жасайтын болса, Еуроодақ олардың ұлттық визасына қатысты техникалық ақпаратты беруге дайын. Еуроодақ мүшелері визаны өзгерістер енгізілген 15 айдан соң кешіктірмей енгізуге тиіс.
Әлемде Шенген визасын алатын азаматтары ең көп ел Ресей болып саналады. 2016 жылы ресейліктер 3 миллион өтініш тапсырған.
Шенген визасы Еуроодаққа мүше 26 елдің аумағына кіру үшін қажет. Олар – Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Голландия, Грекия, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония.

ҚЫРЫҚТАН АСҚАН АҚЫЛМАН
Christie’s аукцион үйі 1976 жылы жасалған Apple 1 компьютерін аукционға қойып, 355 мың долларға сатты. Бұл «ақылды мәшинені» Apple компаниясы иелерінің бірі Стив Возняк өзі қолдану үшін жасатқан. Қырық жылдан бері компьютер үздіксіз жұмыс істеп келеді.
Кейін Возняк Apple 1-ді 666,66 долларға сатып жіберген. Бұл бағаны ол қайталанатын сандарға әуестікпен әншейін белгілей салған деседі. Бірақ Возняк компьютердің «миын» ғана саудаға шығарған. Қолданушы оның сыртын жауып, экран, клавиатура және ток сымдарын өзі табуға тиіс болған. Кезінде Apple 1-дің 200 данасы ғана шығарылды. Бүгінге дейін 63-і ғана бар, бірақ оның алтауы ғана жұмыс істейді.
Дегенмен Возняктың «ақылды мәшинесі» ең қымбат «ежелгі» компьютер емес. 2013 жылы дәл осындай үлгідегі компьютер 671 мың долларға сатылған. 2014 жылы алушы 905 мың долларын санап берген.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар