1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16237)   27 маусым, сейсенбі 2017
27 маусым 2017
Әріптестеріміздің еңбегі еленді

Кеше Алматыда Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 2017 жылғы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Биыл Журналистер одағының сыйлығы 10 журналиске бұйырды. Солардың ішінде білім беру саласының ең өзекті әрі түйткілді проблемаларын жедел зерттеп жазудағы ізденістері үшін «Репортерлық жұмыс» номинациясын «Жас Алаш» газеті руханият бөлімінің редакторы, әріптесіміз Роза Қараева жеңіп алғанын қуанышпен хабарлаймыз. БАҚ өкілдеріне арнап тағайындалған сыйлықты Журналистер одағы төрағасының міндетін уақытша атқарушы Тамара Калеева мен журналист Ермұрат Бәпи тапсырды.

«Экономикалық шолу» номинациясы биыл бір басылымның екі журналисіне бұйырды. Республикалық «Деловая неделя» газетінің тілшілері Жылдыз Әлиева (Бішкек) мен Нигора Юлдашева Орталық Азия елдерінің экономикалық қарым-қатынасы мен интеграциясы жөнінде жазған мақалалары үшін осындай марапатқа ие болды. Ал «Саяси шолу» аталымы бойынша сыйлық Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуына өзінің саяси сараптамалық материалдары мен сұхбаттары арқылы үлес қосқан «Трибуна. Саяси қалам» газетін шығарушы, журналист, қазір қамауда отырған Жанболат Мамайға берілді. Сыйлықты Жанболаттың әкесі мен жары Инга Иманбай қабылдап алды.
Бұдан басқа, БАҚ өкілдеріне «Ізденіс материалы», «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша арнайы сыйлықтар тапсырылды.
«Биыл байқауға 80 жұмыс келіп түсті. Бір қызығы, бұған біздің ешқандай қатысымыз жоқ, іріктеген де емеспіз, 40 жұмыс мемлекеттік тілде, 40 жұмыс ресми тілде түсті. Материалдар түрлі жанрда кездесті, әсіресе, газет-журнал мақалалары көп. Жазылу сапасы өте жоғары материалдар аз болған жоқ, комиссия мүшелері солардың ішінен кәсіби деңгейде шебер жазылған дүниелерді таңдап алды», – деді Тамара Калеева. Ал Ермұрат Бәпи Қазақстан Журналистер одағы төрағасының уақытша болмауына қарамастан, биыл 100 журналист одаққа мүше болып енгенін қуанышпен хабарлады.
Журналистер одағының сыйлығымен марапатталған 10 журналистен бөлек, тағы 12 БАҚ өкілі және екі баспасөз хатшысы Құрмет грамотасымен марапатталды. Рахымбай Ханалы атындағы арнайы сыйлық ақтөбелік фототілші Хайреден Раушановқа табысталды. «Жас Алаш» газетінің ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар