1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (16238)   30 маусым, жұма 2017
30 маусым 2017
Бәрі де арманнан басталады

Арман-қиял адам өмірін қаншалықты өзгерте алмақ? Мына әлем, мүмкін, компьютер дегеннің не екенін білмес пе еді, егер ақылы озық бір адамның басында компьютер жасап шығару туралы арманы болмаса? Қаншама керемет әнді тыңдамас па едік, егер Джон Леннон музыканы сүймеген болса?
Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да
Болады деп арманда, – деп Мұқағали жырлағандай, бәрі де армандаудан басталады. «Арман» сөзінің қолданылу аясы кең. Адам армандары арқылы асқар шыңдарды бағындырады. Армансыз адам – қанатсыз құс. Әр адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман адаммен бірге өседі, өркендейді. Сол секілді менің де балалық шағымның үлкен бір арманы – журналист атану.
Бала күнімнен бастап ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсіріп, теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым. Есейе келе бұл арман алға қойған мақсатыма айналды.
Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Халқымыз «үмітсіз – шайтан» деп бекер айтпаса керек.Үкілеген үміт сәулесі асқақ армандар қаласына жетелейді. Ал мен армандаған қалашық – құлқынның емес, ұлтымның қамын күйттейтін мекен.
Әр күн сайын журналистика мамандығының қыр-сырын игеруді өзіме мақсат етіп алдым. Қазағымның үні, салт-дәстүрі, бітім-болмысы – барлығы да осы журналистика саласында. Журналистика мамандығын таңдаған себебім әрі осыған итермелеген бірден-бір күш – еліме, оның әдебиетіне, тарихына, жалпы, табиғатына деген сүйіспеншілік. Мен журналист болу арқылы елімнің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, қуанышын көкке жеткіземін!

Алтынай СЫРАЛЫ,
11-сынып оқушысы
А.Нүсіпбеков орта мектебі
Алматы облысы
Райымбек ауданы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар