1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (16238)   30 маусым, жұма 2017
30 маусым 2017
Тынысы кең иероглифтер

АҚШ-тың Йель университетінің және Брюссель (Бельгия) корольдік өнер және тарих мұражайының археологтары тасқа қашалған ең ежелгі монументалдық иероглифтерді тауып алды. Ежелгі Египеттің әл-Каб қаласының орнын қазған кезде табылған жазбалардың «жасы» 5000 жылдан асып жығылады.
Египет өркениетінің ерте кезеңіне тән иероглифтер ғылымда монументалдық деп аталады. Оларды ғибадатханалардың, қоғамдық мекемелердің, құдайлар мүсіндерінің, табыттардың бетіне ойып жазатын болған. Суреттердің көлемі үлкен және шым-шытырығы көп болып келеді. Кейін жазу ойлап табылған соң, мысырлықтар сызықты иероглифтерге көшкен.
Табылған белгілердің кейбірінің ұзындығы жарты метрге жетеді. Бұрын ғалымдар ұзындығы 2 сантиметрлік иероглифтерді ғана жолықтыратын. Археологтар тапқан суреттер ішінде піл бейнесі бірден танылады. Тіпті оның кейбірі буаз күйінде бейнеленген екен. Төрт белгіден тұратын кесте де ерекше назар аударған. Қысқа таяққа ілінген бұқаның басы, аққұтан тектес екі ябиру және дегелектің біріккен бейнесі де алдағы уақытта шешілетін жұмбақ болуы мүмкін. Мысыртанушылардың айтуынша, кейбір иероглифтер перғауындардың жүйеленген ғарышты билей алатынын танытатын болған.
Бұл жаңалық ежелгі иероглифтерге деген көзқарасты түбегейлі өзгертуі ғажап емес. Бұған дейін иероглифтер белгілі бір аумақтарға ғана тән және бір сипатты делініп келген еді.

ФЕЙСБУК ШОУ ЖАСАЙДЫ
Фейсбук әлеуметтік желісі жеке контентін көбейту үшін Голливуд киностудияларымен және агенттіктерімен келіссөз жүргізе бастады. Компания жаздың соңына қарай өз телешоуларын көрсете бастауы мүмкін.
Creative Artists Agency, United Talent Agency, William Morris Endeavor және International Creative Management Partners компаниялары бұл салада Фейсбуктің әріптестері атанатын күн алыс емес.
Танымал әлеуметтік желінің өкілдері әрбір эпизодқа 3 миллион доллар төлеуге дайын екенін айтқан. Мұндай сома кабельдік арналардағы сапалы шоулардың шығынымен қарайлас. Демек, желі өкілдері нарықты әбден зерттеп барып іске кіріскені күмән тудырмайды.
Сондай-ақ алдағы уақытта тұтынушылар таспасында 10 минуттық бейнематериалдар да пайда болуы мүмкін. Оның белгілі сценарийі болмайды. Мұндай өнімдерді BuzzFeed, ATTN, Refinery 29 компаниялары ұсынуға дайын.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар