1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (16240)   6 шілде, бейсенбі 2017
6 шілде 2017
Қайдан шықтың, Petya?

ESET компаниясының сарапшылары Petya вирусының таралуы мен Telebots хакерлік тобы арасындағы байланысты анықтады. 27 маусым күні Petya вирусы Украина, Ресей, Италия, Израиль, Сербия, АҚШ және басқа да елдердің компьютер жүйесіне шабуыл жасаған-ды. Вирус ең әуелі украиналық ұйымдардан таралған болатын.
Хакерлер компаниялардың компьютерлерін істен шығарған, ақпараттарын қайта сату үшін олардан ірі көлемде ақша талап еткен. Кейін анықталғанындай, арамзалар құлыпталған мәліметтерді қайтарып беруді емес, мүлде жойып жіберуді ойластырған.
Мамандар хакерлердің инфрақұрылымдарын, қолдарындағы құралдардың мүмкіндігін және шабуыл мақсатын саралай келіп, вирус пен хакерлік топ арасында байланыс бар деп шешті. «Бұл топтың тасасында кімдер тұрғанын дәл қазір нақты айту қиын», – деді ESET сарапшылары.
Мамандар ақау шығып, вирус таратқан M.E.Doc кеңселік бағдарламасында жасырылған күрделі бэкдор (хакерлер негізгі бағдарламаға қол жеткізген соң оны құрту үшін орнататын арнайы бағдарлама) болып шықты. Бұл бағдарламаның осалдығы 2017 жылы шығарылған үш бірдей жаңартуларда да бар болып шықты.

КҮЛГЕ АЙНАЛҒАН ӘН-НУРИ
Жақында Ирактың үкімет әскері Ислам мемлекеті содырларынан ән-Нури мешітін азат етті. Алайда бұл кезде даңқты ғибадат орнының күлі ғана қалған-ды...
Ән-Нури Мосул қаласы мен Ирак мемлекетінің символы іспеттес еді. Ол ХІІІ ғасырда тұрғызылды. Қызығы, сәулетшілер есебі дұрыс шықпай қалды ма, әлде аптап ыстыққа шыдай алмады ма, мешіт мұнарасы қисайыңқы болып қалған еді. Оны жалпы жұрт «Ирактың Пиза мұнарасы» деп атап кеткен болатын.
Бұл мешіт содырлар қолымен талқандалған бірінші тарихи сәулет үлгісі емес. ИГИЛ өкілдері 2015 жылы Мосул кітапханасын талқандады. Жарып жібермес бұрын, олар тарих, философия және мәдениет тақырыбындағы мыңдаған трактаттарды ортаға үйіп қойып өртеді. Ал Мосул мұражайының экспозицияларын балтамен және сом темірмен түгел талқандап шықты.
2016 жылы ежелгі Ассирия астанасы Ниневия қаласына кіретін «Құдай қақпасының» күлін көкке ұшырды. Сондай-ақ ежелгі Нимруда мен Хатра шаһарларының орнын бульдозерлермен тегістеді.

СУЫҚ ЖЕРДЕ СЫРҚАТ БАР
Австралияның Квинсленд университетінің ғалымдары төмен температураның ДНК-ға залалы көп екенін дәлелдеп шықты. Ал төмен температура ультракүлгін сәулелерге тікелей байланысты.
Мамандар лабораторияда сазды жердің ала бақасының бақа басына ультракүлгін радиация қалай әсер ететінін бақылаған. Төмен температурада ұсталған дернәсілдердің ДНК-сы жедел қожырай бастаған.
«Біз төмен температураның ДНК-ның қалпына келу тиімділігіне кедергі жасайтынын аңғардық. Биік тауларда және төмен температурада тіршілік ететін бақалардың ультракүлгін сәуле әсеріне жиі ұшырап, көбірек зардап шегетінін осы жайтпен түсіндіруге болады», – дейді зерттеу авторларының бірі Крейг Франклин.
Мамандардың пікірінше, ғалымдардың осы тұжырымын адамға қатыстырып айтса да болады.
Ультракүлгін сәулесінің энергиясы өте жоғары. Ол ДНК-ны түп негізінен қожыратуға қабілетті. Одан пайда болған өзгерістер нуклеин қышқылының өндіру қасиетін төмендетеді, мутацияға және жасушалардың құруына әкеліп соғады.

Дайындаған Есалы ӨСТЕМІР
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар