1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (16242)   13 шілде, бейсенбі 2017
13 шілде 2017
Қолтырауын ұшқышты жеп қойды

Американың Флорида штатында апатқа ұшыраған жеңіл моторлы Cessna 152 ұшағының ұшқышын қолтырауын жеп қойды. Ұшақ Эверглейдс сазды ауданынан 6 шілде күні табылған. Оның қирандысын және ұшқышты жеп жатқан қолтырауынды жергілікті WPLG телеарнасының қызметкерлері тікұшақпен сапар кезінде байқап қалыпты.
Ұшақ қожайыны Роберт Дин қазаға ұшыраған ұшқыштың рұқсатсыз ұшып кетіп, еш хабар бермегенін айтады. Оның ойынша, ұшқыш қараңғыда бағытынан жаңылып қалып апатқа ұшыраған. Әзірше құрбан болған жанның кім екені белгісіз. Дегенмен, WPLG арнасының мәліметі бойынша, ол жазғы мектептің студенті Марк Укаере болуы мүмкін. Оның бөлмелес досы Патрик Шедрак досының шіркеуге жексенбі күні ғибадат жасауға келмегенінен сезіктенгенін айтады.

ҚЫТАЙДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ТАҒЫ ШЕКТЕЛЕДІ
Қытайдың Netcasting Services Association үкіметтік тобы ғаламтордағы аудиовизуалды контенттерге қатысты жаңа ереже жариялады. Бұдан былай онлайн-алаңдар бірнеше «кәсіпқой цензорларды» жалдауға міндетті.Олар фильмдерді, бейнебаяндарды, мультфильмдерді, деректі киноны, спорттық және ағарту бағдарламаларын қадағалайды. Цензорлар әр сайтта үштен кем болмауға тиіс. Олар тікелей трансляцияларды бақылап, онда гомосексуалистердің, нашақорлардың және жезөкшелердің насихатталып кетпеуіне мән береді. Олар көрсетілімдерді бастан-аяқ қарап, «оңды саяси және эстетикалық стандарттарға» сай келмейтін үзіктерді қиып тастап отыруға тиіс.
Қытай онсыз да әлеуметтік желілердегі контенттерді қатал қадағалайды. Дүркін-дүркін көрсетілетін бейнематериалдарды қадағалап отыру қиын болғандықтан, Sina Weibo (Twitter-дің баламасы), iFeng.com және ACFUN сияқты ірі сайттарға тікелей аудио және бейнетрансляциялар жасауға тыйым салды. Бұл елде әлемге танымал Facebook, YouTube және Twitter желілеріне шек қойылған.

ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар