1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (16245) 27 шілде, бейсенбі 2017
27 шілде 2017
Байлар ғана семірмейді

«Көргеніміз – той, жегеніміз қой болсын» деп, ет жемесе ішіне ел қонбай, тамақтану тәртібіне тым салғырт қарайтын қазекем семіру жағынан алдыңғы орында екен. Иә, Қазақстан бірнеше жылдан бері Орталық Азияда семіздік бойынша бірінші орында: елдегі әрбір төртінші ер адамда артық салмақ бар және олардың семіздігі әлемдегі орта шамадан екі есе жиі кездеседі. Кей сарапшылар мұны экономикалық өсіммен байланыстырса, кейбірі ет пен пайдалы азық алуға ақшасын үнемдей бастаған халық арзан әрі семіртетін тағамдарды көбірек тұтына бастауынан көреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен ауырады. Мамандар артық салмақ жинаған азаматтар саны соңғы жылдары жылдам өсіп келе жатқанын айтады. Мәселен, ресми деректер бойынша, семіздікке шалдыққандар көлемі 10 пайыздан 15 пайызға көбеюіне 15 жыл кетсе, сырқаттанған қазақстандықтар үлесінің 15 пайыздан 20 пайызға артуына жеті жыл ғана жеткілікті болған. Артық салмақтың қоғамда белең алып кетуі туралы айтатын сарапшылардың пікірі екіге айырылады. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев мұны қоғамда қалыптасқан құндылықтармен байланыстырады.
– Бізде жағдайы жақсарған адамдар өзін-өзі дамыту, білім алу секілді жоғары емес, тамақ ішу, киім кию сияқты төменгі деңгейдегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсайды. Сондықтан қоғамда байлыққа қолы жеткен адамдар бірден толысып, семіретінін көруге болады, – дейді ол.
Маманның пайымдауынша, артық салмақ жинағандар санының артуына экономиканың өсімі де әсер етіп отыр.
– Статистикалық талдау жасаған кезде семіздік көрсеткіші мен жалпы ішкі өнімнің арасындағы тура байланыстың бар екенін байқауға болады. Яғни елдегі экономика өскен сайын, семіздіктің қоғамдағы үлесі де артып отырған. Қазақстанды Орталық Азия елдерімен салыстырсақ, онда жалпы ішкі өнімі ең жоғары біздің ел бірінші орында, ал Тәжікстан секілді кедей елдер ең төменгі орында орналасқан, – дейді ол.
Бірақ кей сарапшылар семіздіктің белең алуына соңғы жылдары халықтың табысы азайып, азаматтардың тұтынушылық себетінде пайдалы азықтар емес, күнкөріске ең қажетті заттардың көбеюі себеп екенін айтады. Диетолог Нұрбану Жәлімбетованың айтуынша, тұтынушылардың таңдауы қымбат астан тойымды тағамға ауыса бастаған.
– Жеміс-жидек, балық секілді тауарлар өте қымбат. Халық табысы азайған соң пайдалы, бірақ қолжетімсіз азықты емес, тойымды әрі арзан өнімдерді жиі тұтына бастады. Көкөніс пен жеміс-жидек жейтіндер азайып, макарон, картоп пен нан өнімдерін, консервіленген асты сатып алатындар көбейген. Ал олардың семіртетін тағамдар екені белгілі, – дейді маман.
Бұған мысал ретінде маман «ауқатты адамдар семіз» деген түсінік соңғы жылдары күшін жоғалтып, тұрмысы төмен адамдар арасында да артық салмақ жинағандардың артып келе жатқанын көрсетеді.
Ресми деректерге қарасақ, маман пайымы негізсіз еместей көрінеді. Ranking.kz сараптама агенттігінің зерттеуінше, 2016 жылы таза табысы 4,5 пайызға азайған қазақстандықтардың рационы бір сипатқа еніп, азық-түліктің біраз түрі сирек сатыла бастаған. Мысалы, өткен жылы қазақстандықтар нан өнімдерін 1 пайызға, сүт өнімдерін – 1,2, жұмыртқаны – 0,7, картопты 0,5 пайызға көбірек тұтынған. Керісінше, ет пен ет өнімдерін 0,6 пайызға, көкөністің барлық түрін орта есеппен (картоптан басқа) 0,5 пайызға аз жей бастаған. Агенттік мамандары азық-түліктің кей түріне баға өскені соншалық – жемістер 4,5 пайызға, теңіз өнімдері өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға аз сатылғанын айтады.
Мұның себебін сарапшылар 2016 жылы негізгі азық-түлік тауарларының бағасы 9,7 пайызға қымбаттап кетуінен көреді. Статистика комитетінің деректері бойынша, жыл басынан бері ең қажетті тауарлардың құны орта есеппен 4 пайызға өссе, биылғы маусымның өзінде баға 7 пайызға артқан. Оның ішінде пияз – 81,1, картоп — 74,9, қырыққабат – 61,2, сәбіз – 38,1, сиыр еті 10,7 пайызға қымбаттаған. Әзірге мұның тұтынуға қалай әсер етіп жатқаны туралы ресми дерек жоқ.
Бірақ қазақстандықтардың азық-түлікке қанша ақша жұмсайтыны мен дұрыс тамақтанудың елде қаншалықты қолжетімді екені туралы зерттеулер бұған дейін де жасалған. Nielsen компаниясы жүргізген зерттеу қазақстандықтар айлық жалақысының 43 пайызын азық-түлік алуға жұмсайтынын анықтаған. Сарапшылар бұл Алжир, Камерун, Кения мен Нигерия халқының тамаққа жұмсайтын шығынымен шамалас екенін мәлімдеген. Салыстыру үшін айтсақ, АҚШ пен Сингапур тұрғындарының айлықтан азыққа жұмсайтын бөлігі тек – 6 пайыз.
 

Аян ҚАЛМҰРАТ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Мен | 16 тамыз 2017 16:27
Кедейлеулер семізше, орташалар орташа, ал қалталылаулар жұқаша, жіптіктей. Парадокс па? Масқара.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар