1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (16245) 27 шілде, бейсенбі 2017
27 шілде 2017
Дали денесі ашылды

Испанияда даңқты сюрреалист-суретші Сальвадор Далидің зираты өзін «суретшінің қызымын» дейтін Пилар Абель есімді әйелдің талабы бойынша ашылды. Далидің денесі Испанияның солтүстік-шығысындағы Фигерас қаласында жерленген. 1989 жылы қылқалам шебері дүниеден өткен соң, оның Фигерастағы үйі мұражайға айналдырылып, денесі сол жерге қойылған еді. Зиратты ашу жұмыстары 20 шілде күні басталды. Ол үшін зират үстіндегі ауыр тас тақтаны алып тастауға тура келді.
Сот сарапшылары суретшінің денесінен биологиялық үлгілер сәтті алынғанын жария етті. Алайда дәл қандай үлгілер екені нақты айтылған жоқ. Ол тісі, тырнағы және жұлыны болуы мүмкін. Үлгілер бірден Мадридке жөнелтілді. Сарапшылар бір апта ішінде Абельге нақты жауап береді.
Пилар Абель қазір 61 жаста. Ол Фигерас маңындағы Жирон қаласында дүниеге келген. «Бұл сараптама Абельдің жанын жай таптыратыны сөзсіз. Өйткені оның Далидің қызы екеніне енді ешқандай күмән қалмайды», – дейді адвокат. Абель таро карталарын оқумен айналысады, жергілікті телеарнаның бағдарламаларына қатысады.
Дали өзін адамдардың аяқ астына жерлеуін аманат қып қалдырған-ды. Аманат қапысыз орындалды: суретшінің денесі жерге бітістіріле көміліп, үсті ауыр тас тақтамен бекітілді. Далидің картиналары қазіргі кезде 325 миллион долларға бағаланып отыр. Оның мұрасына Испания ие.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар