1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (16245) 27 шілде, бейсенбі 2017
27 шілде 2017
«КӘРІ» КОМЕТАЛАРДЫҢ КӨЛЕМІ ҮЛКЕН

Американың астрономдары бұған дейін айнымас көрінген ғылыми гипотезаға өзгеріс енгізді. Олар диаметрі кем дегенде бір шақырымға жетеді деп есептеліп келген «кәрі» кометалардың көлемі одан тым үлкен екенін мәлімдеді. Яғни ұзақ өмір сүретін ондай кометалардың диаметрі кем дегенде жеті шақырым болуы мүмкін. Зерттеу қорытындысы Astronomical Jornal басылымында жарияланды.
Мамандар «кәрі» кометалардың (Күн айналасында кемінде 200 жыл ұшып жүретін) саны да едәуір көп екенін айтады. Олар қимыл-қозғалысы Юпитер ғаламшарының гравитациялық әсері арқылы реттелетін аспан денелерінен екі есе көп. Ондай денелер Күн айналасын 20 жыл бойы айналады.
Ғалымдар кометалардың санын инфрақызыл сәулелі WISE телескобы арқылы алынған мәліметтер бойынша анықтаған. Олар ұзақ өмір сүретін кометалардың ядросының көлемін де бірінші рет анықтап отыр. Мұндай кометалар өз денесінің тұманды қабығынан көрінбей тұрады.
Кометаның химиялық құрамы Күн жүйесі қалыптасқаннан бері еш өзгермеген. Судың бір бөлігі Жерге осы аспан денелерінен түскен болуы мүмкін. Осы мәселе түбегейлі зерттелсе, жердің ежелгі тарихын білуге жол ашылар еді.

ҰШАҚСЫЗ ЖЕРДІ АЙНАЛУ
Австралиялық блогер Тиграл Далиц Сидней қаласынан АҚШ-тың Сан-Диего шаһарына дейін ұшаққа мінбей жетті. 29 жастағы азамат бұл сапарына үш жылға жуық уақыт жұмсады, 80 мың шақырымдай жол жүрді, 50 елді басып өтті.
Саяхат барысында Далиц өзінің lostaussies.com сайтында күнделік жүргізіп отырды. Ол әуелі Австралиядан Индонезияға жол тартты. Одан ары Сингапур, Малайзия және Таиландты артта қалдырып, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Қытай және Моңғолия арқылы Ресейге өтті. Бұдан кейін Еуропа елдеріне сапарлады.
Ол кемеге мінді, велосипед, автокөлік және пойыз қызметтерін де пайдаланды. Жолына барлығы 22 мың долларға жуық қаржы жұмсады. Бұл ақшаны Тиграл сапар алдында фермаларда бір жарым жыл жұмыс істеп тауыпты. Далицтің мамандығы – биолог. Ол енді Сиднейге оралуды жоспарлап отыр. Дегенмен қатты асыға қоймайтын да сыңайлы. Отанында оны анасы мен сүйген қызы күтіп отырған көрінеді.
Мұндай қызық та қорқынышты сапарларға тәуекел етушілер әлемде аз емес. 2016 жылдың ортасында ресейлік екі азамат Мәскеуден Якутияның Мирный қаласына шайтанарбамен шығып, 111 күн сарп еткен-ді. Бұл уақытта олар 10 мыңға жуық шақырым жолды артта қалдырды.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті