1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (16247) 3 тамыз, бейсенбі 2017
3 тамыз 2017
АЛҒАШҚЫ ГҮЛ АҚ ЛАЛАҒА ҰҚСАЙДЫ

Ғалымдар Жер шарында 100 миллион жыл бұрын бүр жарған алғашқы гүлдердің шамамен алғандағы кескінін құрастырды. Оған жүгінсек, алғашқы гүлдер бүгін өзіміз көріп жүрген лалагүл мен триллиумға ұқсайды. Оның кескінін қалпына келтіру мақсатындағы зерттеуді Вена университетінде қызмет ететін ғалым Юрг Шененбергер әріптестерімен бірге жүргізіпті. Ол үшін мамандар бүгінгі заманғы жүздеген гүлдің ерекшеліктерін саралап, ортақ белгілерін анықтапты және соған сүйене отырып олардың арғы тегін кескіндепті.
Нақтырақ айтқанда, бұл гүлдерде шиыршықталған бес аналық, он аталық және бірнеше жапырақтар мен үш-үштен топтасқан ақ түсті тостағаншалар бар. Яғни құрылымы жағынан олар бүгінгі лалагүлдер мен трилияларға ұқсайды. Тек соңғыларында бес емес, үш аналық және алты аталық бар.
Бұл өсімдіктердің тағы бір қызық сипаты – шырғанақ пен флора әлемінің басқа да кейбір өкілдері сияқты олардың да «еркек» және «әйел» бұтақтары бар. Бүгінде мұндай өсімдіктер көп емес, яғни олар флораның жалпы түрінің 4-6 пайызын ғана құрайды. Ал ғалымдардың пікірінше, баяғыда олардың саны Жер шарындағы бүкіл өсімдік атаулыдан басым болған көрінеді.
Ғалымдар бұл гүлдердің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне үлкен төңкеріс әкелгенін айтады. Яғни жалаңаштұқымды өсімдіктермен және қырыққұлақтармен бәсекелесе отырып, алғашқы гүлдер тозаңдандырушы жәндіктерді өздеріне тартқан. Ежелгі өсімдіктердің тұқымы оған дейін желмен таралып келген болса, көбеюдің бұл түрі одан әлдеқайда тиімді болып шыққан. Сөйтіп, гүлді өсімдіктердің тез және көп таралуына ықпал етсе керек.
 

Р.СЕРІКБАЙ
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті