1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (16251)   17 тамыз, бейсенбі 2017
17 тамыз 2017
Адамзаттың қанша ғұмыры қалды?

Арканзас (АҚШ) университетінің математика пәнінің оқытушысы Даниел Уитмир адамзат баласы алдағы 100-500 жыл ішінде жоқ болады деп пайымдап отыр. Оның зерттеу мақаласы International Journal of Astrobiology журналында жақында жарық көрді.
Ғалымның ойынша, миллион жылдан бері келе жатқан технологиялық өркениет өте сирек, адамдар – соның біреуі ғана. Адам ең артта қалған технологиялық дамыған түрдің бірі болуы мүмкін. Өйткені ғарышты бағындыру және энергияны игеру соңғы жүз жылда ғана іске асты ғой.
Адамзат – Жер бетіндегі технологиялық тұрғыда дамыған бірінші түр. Адамның эволюциясына және қазіргі мәдениетттің қалыптасуына қанша уақыт қажет болғанын ескерсек, біздің ғаламшарымызда осындай түрлер 23 рет пайда болуы мүмкін.
Дегенмен шарттылық принципіне сай, бірнеше өркениеттің бірінен кейін бірі бір ғаламшарда пайда болуы екіталай нәрсе. Бұл дегеніңіз өз ғұмырының соңында адамзат биосфераны өмір сүруге тіпті жарамсыз етіп тастауы мүмкін екенін білдіреді.
Енді Жер бетіндегі тіршілік қашанға дейін созылуы мүмкін? Уитмирдің ойынша, жердегі технологиялық өркениет қашаннан бері бар болса, адамзаттың сонша өмірі ғана қалды. Яғни асып кетсе – жүз жыл. Дегенмен стандартты ауытқу мен кесте ассиметриясын ескерсек, бұл көрсеткіш 500 жылға жетіп қалуы да ықтимал.

ЖАНКҮЙЕР ЖҰП
Лондонның «Арсенал» командасының жанкүйері өз қалыңдығына команданың киім ауыстыратын бөлмесінде сөз айтты. Ол «зеңбірекшілер» ойнайтын «Эмирейтс» стадионына экскурсия жасауға қалыңдығымен бірге кірген.
Бозбала қызға ілініп тұрған футболкалардың бірін аударып көруді өтінді. Қыз соны істемекке бұрылғанда, өзі тізерлеп отырып қалыңдығының не істейтінін күтті. Қыз спорттық форманы аударып қалып, «Маған тұрмысқа шығасың ба, Рут?» деген жазуды көрді де, қатты таңғалды. «О, құдайым-ай!», – деді ол қатты абыржып. Сосын күтпеген ұсынысты дереу қабыл алатынын ұқтырды.
Осылайша Джордан мен Рут есімді жанкүйер ғашықтар «Эмирейтс» стадионынан жұп болып шықты.
Мұндай оқиға жиі болып тұрады. Ресейдің «Ростов» командасының қорғаушысы Иван Новосельцев те ғашығына ойыннан кейін жанкүйерлер көз алдында тізерлеп тұрып көңіл білдірген-ді. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан да қалыңдығына Алматының Орталық стадионында ұсыныс жасағаны есімізде.

АШУЛЫ ПІЛДЕН САҚТАН!
Үндістанда аңшы жергілікті билік органдарының өтінішімен екі штатта 15 адамды өлтірген пілді атып тастады. Алып хайуан 20-25 жас шамасында болған.
Ол наурыз айынан бері Жаркханд штатында 11 адамды өлтіріп, бірнеше үйді талқандаған. Сондай-ақ көрші Бихар штатында да төрт тұрғынның өмірін қиған.
Қанқұйлы хайуанды Шафат Әли Кхан есімді аңшы атып өлтірді. Әуелі ол пілді транквилизатормен ұйықтатып тастамақ болған. Алайда дәрі әсер етпей қойған соң, Шафат оқ жұмсауға мәжбүр болыпты. Жергілікті билік осымен жетінші рет аңшыға осындай ұсыныс жасап отыр. Өткен жылы ол елдің әр бөлігінде адам өміріне қауіп төндірген бес жолбарыс пен сегіз леопардты оққа байлады. Үндістанда күн сайын кем дегенде бір адам жабайы жануарлардың құрбаны болады екен.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Мұқан | 20 тамыз 2017 08:09
Адамзаттың жердегі ғұмырының ұзақтығы олардың қаншалықты азғындауына байланысты.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар