1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (16253) 24 тамыз, бейсенбі 2017
24 тамыз 2017
Астанада әлемдік инвесторлар бас қосады

25 тамыз күні Астанада AgroInvest Forum 2017 агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы өтеді. Отандық бизнесті қолдау және аталмыш салаға инвестициялық серпін беру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу мақсатын көздеп отырған бұл халықаралық шараға Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдау білдіріп отыр. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің» басқарма төрайымы Гүлназ Атамқұлованың айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен инвесторлардың басын қосатын бұл форумға Қытай, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Польша, Ресей, Испания және Түркия елдерінен барлығы 100-ден астам маман қатысады. «Шараның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласына қатысты жобаларды бірлесіп іске асыру және азық-түлік тауарларын өндірушілерге көрші елден серіктестер тарту арқылы қазақстандық бизнесті нығайту. Сондай-ақ бұл форум отандық өндіріске инвестициялық капитал тарту ғана емес, агроөнеркәсіп кешеніндегі бизнестің жаңа трендтері мен перспективаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – дейді Гүлназ Атамқұлова.
Сессия аясында вице-премьер әрі ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін дамытудың жаңа үрдісі жайлы баяндама жасап, Азия даму банкі, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы, Ислам даму банкі, халықаралық электронды сауда алаңының және тағы басқа ұйымдардың өкілдері өз ойларымен бөліседі деп күтіліп отыр. Сондай-ақ шетелдік ірі инвесторлар, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының және инвестициялық қорлардың өкілдері бас қосатын жиында қазақстандық өндірушілер агрожобаларды іске асыру және инвесторлармен жұмыс істеу тәжірибелерімен бөліседі. Атап айтар болсақ, (Pitch-презентации), Public talk және networking форматындағы аудиториямен тікелей байланыс, тақырыптық бөлім, панельді пікірталас, мастер-кластар, B2B, B2G кездесулері өтетін болады. Өз кезегінде арнайы шақырылған RACS Quality Certificates Issuing Services (БАӘ) сертификаттау орталығының өкілі сөз алып, халал сертификаттаудың тәртіптері туралы айтып береді. «Мұндай кездесулер іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтып, өзекті мәселелерді шешу мақсатын көздейтін инвесторлық жобаларға жол ашады» дейді шараны ұйымдастырушылар.
Осындай тың жобалар мен келіссөздердің нәтижесінде соңғы бес жыл ішінде аталмыш холдинг пен оның еншілес компаниялары агроөнеркәсіптік кешен саласына жалпы көлемі 375 миллиард теңгеден асатын шетелдік инвестиция тартып үлгеріпті. Мұндай шаралар әлі де жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 10 жыл мерзімге 100 миллион евро алу үшін Еуропалық инвестициялық банкімен келіссөздер жүргізілуде. «Бұл қаржы бірқатар жобаларды қаржыландыру үшін жұмсалады. Нақты айтар болсақ, климаттың өзгеруіне байланысты ауыл шаруашылығын бейімдеуге және аграрлық секторда оның салдарын жеңілдетуге, сондай-ақ ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың дамуына жәрдемдесуге, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шағын және орта бизнес жобаларын іске асыруға бағытталады. Несие бойынша келісімге 25 тамыз күні Астанада өтетін AgroInvest Forum 2017 атты агроөндірістік инвестициялық форум кезінде қол қойылады деп отырмыз», – деп түсіндірді «ҚазАгро» басшысы.
Айтпақшы, Атамқұлова ханым алдағы уақытта елімізде тікелей инвестициялар қорын құру жұмыстары жасалып жатқанын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, мұндай қорлардың тиімділігі өте жоғары. Мәселен, 2015 жылы Қазақстанның агроөндіріс саласын қаржыландыру мақсатында құрылған Қазақ-Венгер тікелей инвестициялық қоры жұмысын бастап та кеткен. Жалпы капитализациясы 40 миллион долларды құрайтын бұл қор қаржы тапшылығына ұшырап отырған агроөнеркәсіп кешендерін дамытуды, мал, құс, балық шаруашылықтары мен жеміс-көкөніс, сүт өндірісі, дәнді және майлы дақылдарды ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бағытындағы жаңа жобаларды қаржыландыруды көздейді. «Қордың (Қазақ-Венгер тікелей инвестициялық қоры) алғашқы қаржылық қолдауы Ақтөбе облысындағы жылыжай кешені жобасын қаржыландыруға бағытталады. Бұл жоба бойынша да келісімге форум кезінде қол қойылады. Алдағы уақытта қосымша инвесторлар тарту арқылы қор көлемін 150 миллион долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр», – дейді Гүлназ Атамқұлова.
Агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы «Атамекен» ҰКП және Atameken Business Channel арнасының ақпараттық қолдауымен өткізіледі.

Б.НҰРАТАЙ
Астана

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар