1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (16256)   5 қыркүйек, сейсенбі 2017
5 қыркүйек 2017
Қағытпа

Студенттік шақ адам өмірінің ең жарқын сәттері. Жастық шақтың базары. Ойын-сауық, түрлі кештер, құрбы-құрдас, курстас, әзіл-қалжың, достық, махаббат сынды жастыққа тән дүниелердің бәрі де студенттік өмірдің бөлінбес бөлшегі. Студенттер жайлы ел ішінде айтылып жүретін әзілдерді бүгінгі студент жастар да шет көрмес деп беріп отырмыз.

***
Абитуриент — «Бiз де бала болғанбыз»
Ауылшаруашылық жұмыстары — «Қан мен тер»
Бақылау жұмысы — «100 теңгең болғанша, 100 досың болсын»
Диплом қорғау — «Соңғы көш»
Диплом алу тойы — «Қош бол, Гүлсары!»
Диплом — «Алтын сақа»
Дискотека — «Мөлдiр махаббат»
Емтихан — «Тар жол, тайғақ кешу»
Емтихан — «Қатерлi өткел»
Емтиханнан құлаған студентке кеңес: «Қайта кiрер есiгiңдi қатты жаппа»
Жатақхана — «Алтын орда»
Каникул — «Ақиқат пен аңыз»
Курстық жұмыс – «Тас төбедегi айқас»
Қабылдау емтиханы — «Аласапыран»
Оқу корпусы — «Ақ боз үй»
Практика күндерi — «Жекпе-жек»
4-курс — «Аққан жұлдыз»
Сынақ — «Мылтықсыз майдан»
Староста — «Күлтай болыс»
Стипендия — «Алтын құс»
Студенттiк өмiр — «Махаббат қызық мол жылдар»
Стипендия — «Ұзаққа бармаған қуаныш»
Семинар — «Бұғумен өткен өмiр»
Семинар — «Елең-алаң»
Сессия — «Жанталас»
Сынақ — «Қылкөпiр»
Шпаргалка — «Отырардан келген сый»

***
Студент асханаға кірсе, жалғыз ғана орын бар екен. Барып отыра қалса, қарсы орындықтағы профессор:
− Бүркіт пен шошқа қатар отырмайды, – дейді.
− Кешіріңіз, мен ұшып кетейін, – деп, екі қолын қанат етіп қағып тұрып кетеді.
Сөзден ұтылған профессор емтихан қабылдауға келеді. Әлгі студентті құлату үшін сұрақтың астына алса да, ол бәріне дұрыс жауап береді. Сосын мынадай сұрақ қояды:
− Сенің жолыңда екі сандық жатты делік. Бірі тола алтын, екіншісінде ақыл. Қайсысын таңдайсың?
− Алтынды таңдаймын, әрине!
− Мен ақылды таңдаған болар едім, – дейді профессор.
− Әркім өзінде жоғын таңдайды ғой, – деп студент тағы да қатырып кетеді. Профессор әбден ызаланып оның сынақ кітапшасына «Тентек» деп жазып береді. Оны қарамастан алады да, студент шығып кетеді. Профессор мәз болып отырса, сәлден кейін студент қайтып келіп былай деген екен:
− Профессор ағай, сіз баға қоятын жерге шатасып, өз аты-жөніңізді жазып қойыпсыз, − дейді.

***
Студент емтиханда жауап бере алмай қалады да, профессор оған:
− Амал не, сізге екілік қоюыма тура келеді, − дейді.
Сонда студент:
− Онда маған асылып өлуден басқа амал жоқ, − деп қалтасынан арқан шығара бастайды. Профессор сәл жұмсарады.
− Жарайды, тапсырмасаңыз да, үштік кояйын.
Студент жайлап арқаннан тұзақ жасай бастайды. Профессор қорқып кетеді.
− Жақсы, жақсы! Төрт қояйын!
Студент оған назар аудармастан өз iсiн жалғастыра береді. Профессордың мүлде есi кетеді.
− Болды, болды! Мiне, саған бестік баға қойдым! − деп сынақ кітапшасын ұсынады. Осыдан кейін ғана студент арқанын жинап, шығуға бет алады. Профессор «уһ» деп бiр дем алып:
− Арқаныңызды осында тастап кетуiңiзге болады, − десе, студент:
− Жоқ, тастай алмаймын, алда әлi төрт емтиханым бар, − депті.

***
Дәрісхана. Емтихан өтіп жатыр. Профессор студентке:
− Аты-жөніңіз кім?
Студент күлімдеп:
− Ербол Бекжанов.
Профессор:
− Сіз неге күлімдеп тұрсыз?
Студент:
− Бірінші сұраққа дұрыс жауап бергеніме ризамын.

***
Екі студент кездесіп қалады. Біріншісі екіншісінен:
− Қайда асығып бара жатырсың?
− Емтиханға!
− Емтиханың қай пәннен?
− Барғасын айтады ғой...
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар