1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (16261)   21 қыркүйек, бейсенбі 2017
21 қыркүйек 2017
Ақтарғыш Джек табылды ма?

Британиялық Давид Баллок ХІХ ғасыр соңындағы кісі өлтіргіш Ақтарғыш Джекті (Джек Потрошитель) тапқанын жариялап отыр. Баллоктың айтуынша, Джек деп жүргеніміз – Томас Катбуш есімді біреу. Ол Лондондағы Нунхед зиратына жерленген. Бұл мәліметті Баллок өзінің The Man Who Would Be Jack («Джек болуы мүмкін адам») деп аталатын кітабында жариялады.
Катбуш көп белгісі бойынша Ақтарғыш Джекке дәл келеді. Мысалы, 1888 жылы ол Лондонның Уайтчепел ауданында жұмыс істеген. Ақтарғыш Джек дәл осы кезде, дәл осы ауданда құрбандықтарына шабуыл жасаған. Катбуш те Джек сияқты анатомия мен хирургияға қызыққан. 1891 жылы екі әйелге шабуыл жасағаны үшін қамауға алынған.
Баллок мұнымен шектелмей, Катбуш өмірінің соңғы күндерін өткізген Бродмур психиатриялық ауруханасындағы құжаттарды да зерттепті. Катбуштың мәйіті Нунхед зиратына қойылғанын да ол осы құжаттар арқылы анықтады.
Ақтарғыш Джек ХІХ ғасырдың аяғында бүкіл Англия жұртын шошытты. Ол өзін «Ақтарғыш Джекпін» деп хат жазып, Лондон жаңалықтар агенттігіне жолдаған. Джек 1888-1891 жылдар аралығында Уайтчепел ауданында бес адамды өлтірді делінеді. Ол жергілікті жезөкшелерді құрбан етіп отырған. Бірақ Лондон полициясы кісі өлтіргіштің шын атын сол бойы таба алмады. Оның жасаған қылмыстары да ашылған жоқ.

ЖОЛЫ БОЛМАЙТЫН САЯХАТШЫ
Ұлыбританияның Нортгемптон графтығының тұрғыны Джек Пейдж әлемдегі ең жолы болмайтын саяхатшы атануы мүмкін. Ол өзі төтенше жағдайлар маманы, бірақ барған жерінде үнемі оқиғаларға тап болып жүреді.
Он жыл бойы Пейдж жұрт аяғы баса бермейтін экзотикалық мекендерге саяхаттап жүр. Бірақ жолы болмай-ақ қойды. Мысалы, Мьянмаға саяхаттаған кезінде ол мінген пойыз жолдан шығып кетіп, 36 сағат тоқтап тұрған. Ал Борнеоның адам өмір сүрмейтін бір аралында Пейдждің барлық тамағын кесірткелер жеп кетіпті.
Үндістанда бейшара ағылшынды сиыр мүйіздеген. Жергілікті жұрт үшін ерекше қасиетті жануардың қитығына Пейдждің қалай тигенін кім білсін? Эверест шыңына өрлеп бара жатып ол лямблиоз вирусын жұқтырды. Ас қорыту жүйесіне шабуылдайтын бұл инфекция Джектің сапарын аяқтауына мүмкіндік берген жоқ.
2015 жылы Пейдж атышулы Чернобыль қаласына барды. Бірақ қас қылғандай, атом электр стансасынан зардап шеккендер дәл осы кезде қарсылық акциясын ұйымдастырып, Джек түсірген барлық сурет пен бейнематериалды өшіртіп тастады.
Жолы болмайтын саяхатшының сүйіктісі Елис оны еркін демалатын жерлерге баруға көндіре алмай жүр. Байғұс қыз жағажайда аяқ-қолын созып жатып демалысты өткізуді армандап-ақ жүрген көрінеді.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар