1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 77 (16263) 28 қыркүйек, бейсенбі 2017
28 қыркүйек 2017
Симонс үшін жер – жазық

Америкалық хип-хопшы Бобби Рей Симонс жер серігін жасау үшін қаржы жинауды бастап кетті. B.o.B деген бүркеншік есіммен өнер көрсететін музыкант Жердің дөңгелек емес, жазық екенін дәлелдемек.
Ол өз науқанын GoFundMe крауфандинг алаңында ашты. Бобби жазылушыларға арнайы бейнеүндеу дайындап, барлығын жер серігін жасауға демеуші болуға шақырды. «Мен Жердің иілген тұсын іздеп жүрмін», – дейді ол бейнеүндеуде. Алғашқы күні музыкант шотына 651 доллар түсті. Ал жер серігін жасауға 200 мың доллар қажет.
B.o.B бұған дейін де Твиттер желісінде жердің формасы туралы мәселені бірнеше рет көтерді. 2016 жылдың қаңтарында ол өзінің төбеде тұрған суретін жариялап: «Көкжиектен көрініп тұрған қалалардың арақашықтығы – 16 миль (25,7 шақырым). Иілген жері қайсы? Түсіндіріңдерші, қанеки?» – деп жазған-ды.
Симонстың жасы 28-де. Оның үш альбомы жарық көрген. Рэпер «Фләтлайн» композициясын астрофизик Нил Деграсқа қарсы жазып, НАСА агенттігін адамзатқа қарсы қылмыспен айналысады деп айыптады.
Бұған дейін Нью-Йорк университетінің ғалымдары психопатия мен рэпке құштарлық арасында байланыс барын тапқан еді.

«КАДИЛЛАКҚА» ЖҮРГІЗУШІ ҚАЖЕТ ЕМЕС
Американың «Кадиллак» компаниясы «Супер Круиз» технологиясы басқаратын 12 дана Cadillac CT6 жүргізушісіз седанын жолға шығарды. Көліктер 26 қыркүйекте Нью-Йорктағы «Кадиллак Хаус» ғимаратының алдынан аттанып кетті. Олар ешқандай жүргізушінің басқаруынсыз Лос-Анжелес қаласына жетуге тиіс. «Ақылды көліктерді» Нью-Йорк вице-мэрі Кати Хошул бастаған шенділер шығарып салды.
«Супер Круиз» технологиясын Cadillac CT6 компаниясы 2018 жылға арнап шығарды. Оны қолдану үшін адаптивті круиз-бақылауды және бетпе-бет ықтимал соқтығысуды ескертетін жүйені іске қосу қажет. Өндірушілер «Супер Круизды» қозғалысы көп трассаларда және жүріс бағыттары арасындағы бөлгіш қабырғасы жоқ жолдарда қолдануға тыйым салып отыр.
Бұл белгінің жаңа түрі Женеваның (Швейцария) халықаралық автосалонында биылғы наурыз айында таныстырылды. Көліктің жалпы ұзындығы – 5,3 метр, V8 қостурбиналы қозғалтқышының жұмыс көлемі – 4,2 литр. Отынды үнемдеу үшін төрт цилиндрін өшіріп қою мүмкіндігі бар.

БОТСВАНА БАЙЛЫҒЫ САТЫЛДЫ
Канадада әлемдегі ең ірі Lesedi La Rona алмазы сатылды. Оны «Графф Даймондс» компаниясы 53 миллион долларға сатып алды.
– Ғажайып алмаздың жаңа иесі атанғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл – менің өмірімдегі маңызды күн. Табиғаттың осы бір тамаша сыйын алу мәртебесі бұйырғанына қатты қуаныштымын, – деді «Графф Даймондс» компаниясының иесі Лоуренс Графф.
Lesedi La Rona 2015 жылдың қараша айында Ботсванада өндірілді. Жергілікті тілде оның атауы «Біздің жарық» деген мағынаны береді. Салмағы – 1109 карат (221,8 грамм).
«Лукара Даймонд Корп» компаниясы алмазды бір жылдан астам уақыт сата алмай келді. Алғаш ол «Сотби’с» аукционына 2016 жылдың маусымында қойылды, бірақ сатылмай қалды. Бағалы тасты алғысы келгендер 61 миллион доллар ұсынды, бірақ компания 70 миллион деген бағаға табандап тұрып алды.
Lesedi La Rona – бір ғасырдан астам уақытта әлемде өндірілген көлемді екінші алмаз. 1905 жылы Оңтүстік Африка Республикасында «Куллинан» («Африка жұлдызы») тасы табылған-ды. Бөлшектегенге дейін оның салмағы 3106,75 карат болды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар