1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16265)   5 қазан, бейсенбі 2017
5 қазан 2017
Гитлердің қойын кітапшасы сатылды

Үшінші Рейхтің лауазымды тұлғаларының телефон нөмірлері мен мекенжайы жазылған Адольф Гитлердің анықтама кітапшасы Ұлыбританиядағы «Генри Олдридж және баласы» аукционында 33 мың фунт стерлингке (44,5 мың доллар) сатылды.
Құнды құжаттың әуелгі бағасы 15 мың фунт еді, бірақ сауда кезінде екі есе қымбаттады. Былғарымен тысталған кітапшаны Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында соғыс қылмыстары бойынша британиялық тергеуші, капитан Джон Ходж Үшінші Рейх кеңсесіндегі үстелдің жәшігінен тапқан-ды. Кітапшада нацистік партияның белгілі 200-ге жуық мүшесінің аты-жөндері, нөмірлері, мекен-жайлары қолмен жазылған. Оның ішінде Генрих Гиммлер, Йозеф Геббельс, Рудольф Гесс, Герман Геринг, Иоаким фон Риббентроп, Рейнхардт Гейдрих, Альбер Шпейер, Альберт Норман секілді тарихта аты қалған тұлғалар бар. «Бұл кітапты осы адамдардың көзін жоюға жарты ғұмырын арнаған жанның отбасы сатып отыр», – деді бәссаудашы Ендрю Олдридж. Бірақ сатып алушының есімі жария етілген жоқ.

УИЛЬЯМС ӘУЛИЕ МЕ?
2 қазан күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында 64 жастағы зейнеткер Стивен Педдок «Мандалай Бей» мейманханасының 32-қабатынан кантри-музыка фестивалін тамашалаушыларға оқ жаудырып, 59 адамды өлтірді, 527-сін жаралады. Тәртіп сақшылары бөлмесіне келіп жеткенше Педдок өзін-өзі атып тастады.
Міне, осы қаныпезердің әрекеті мен әнші Робби Уильямстың 15 жыл бұрын жазған Me And My Monkey («Мен және маймылым») әні арасында байланыс барын аңғарғандар да табылып жатыр. Бұл туралы «Миррор» газеті жазды.
Осы туындысында британ әншісі «арманы мен тапаншасы бар» маймыл туралы шырқайды. Лирикалық қаһарман мен оның маймылы Лас-Вегасқа жол тартып, «Мандалай Бей» отелінің 33-қабатына орналасады. Әнде: «Менің маймылым ешкімге тапанша кеземейтін болар деп үміттенемін», – делінген жолдар бар. Сондай-ақ: «Біз мексикалықтарды өлтірмек емеспіз, Дегенмен қышуы қанбаған он саусағымыз бар», – деп шырқайды әнші. Me And My Monkey әні 2002 жылғы «Ескаположи» жинағына енген.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар