1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Ұлт көшбасшысы» заңы қабылданған күнi С.Дуванов пен А.Свиридов екеуi ғана наразылық шарасын өткiздi. Қазақ қоғамы неге бұларға қосылмады?
Футболдан әлем чемпионатын көруден қолы босамағандықтан (8%)
Саяси бойкүйездiктен (56.7%)
Назарбаев қажетсiз заңды өзi-ақ қайтарады деп сенгендiктен (19.3%)
Бұл жайттан хабары болмағандықтан (16%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (15441) 29 қазан, бейсенбі 2009
29 қазан 2009
Ем қонбас ауру болмайды

Өзгелерге қуаныш сыйлау да бiр бақыт. Белгiлi емшi Өсерқұл қажы Ырысқұловтың өмiрлiк ұстанымы осындай. Жақында Киев қаласында емшiлердiң үлкен форумы өттi. Осы «Дәстүрлi халық медицинасы және психология­дағы интегралды бағыт» атты халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияға 12 адамнан тұратын Қазақстанның емшiлер тобы қатысты. Оларды халық медицинасы орталығының басшысы Ш.Шынтаев бастап барды. Аталған конференцияға қатысу құрметiне Оңтүстiктен белгiлi емшi, халық медицинасының академигi «Парасат» ордендi Өсерқұл қажы Ырысқұлов ие болды. Ол кiсi 50 жылдан берi халыққа қалай адал қызмет етсе, бұдан кейiн де жұртшылыққа денсаулық сыйлап, бақытқа жетелеуiн жалғастыра бермек. Халық емшiсiнiң қарапайымдылығы сонда, ол өз iсiне көрсетiлген құрмет, берiлген мадақтамаларды елге жарқыратып, жария етпейдi. Әңгiме арасында шым-шымдап отырып, қаныққанымыз – Өсекең ауру адамдарға көрсеткен көмегi үшiн «Мыңжылдықтың үздiк шипагерi» атағына ие болып, Гиппократтың бiрiншi дәрежелi «Жұлдызды емшi» медалiмен марапатталған. Қайрымдылық iстерi үшiн «Бауыржан» мейiрiмдiлiк қорының «Алтын жүрек» сыйлығына ие болған. Осындай азаматтығы үшiн «Парасат» орденiмен марапатталған шығыс медицинасының магистрiне жерлестерi үлкен құрмет көрсетiп, «Сайрам ауданының құрметтi азаматы» атағын бердi. Осындай марапаттарға, ендi мiне, Киевтiң медалi қосылды. Жоғарыда аталған IV халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциядан Өсерқұл қажы Ырысқұлов «Ұлттың рухани әлеуетiн көтеруде, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғауда адамзат алдында сiңiрген айрықша еңбегi үшiн» I дәрежелi медальмен марапатталып, диплом алып қайтты.

Ал мұндай халықаралық iсшараларға Өсерқұл қажы бiрiншi рет шақырылып отырған жоқ. Тiптi, емшiнiң үйiне, тәжiрибе алу үшiн Католик университетiнiң профессоры Анна Мари Вейманның келгенi бар. Ұлы ұстаз Ибн Синаның дәстүрiне сүйене отырып айтқан әңгiмелерiн ұйып тыңдаған университет профессоры өзiнiң жанына ем iздеп жүргенiн айтып қалды. Жерлесiмiздiң қолынан шипа тапқан қадiрмендi қонақ өз ризашылығын бiлдiре отырып, халық емшiсiн Брюссельде өтетiн әлемдiк конференцияға қатысуға шақырды. Үлкен форумға қатысқан Өсекең шөппен емдеудiң қыр-сырымен бөлiстi. Бұдан басқа Өсекең мектеп үйiн кеңейтiп, өз қаржысынан жаңа ғимарат қосып бердi. Оның iшiн заман талабына сай жабдықтады. Арнайы компьютерлер алдырды. Мектеп iсi таусыл­ған ба, оның ауласын безендiру, оқушылардың демалыс, спортпен айналысу жайын әзiрлеу, тағысын тағылар. Осы таусылмас тiршiлiктiң басы-қасында Өсерқұл қажы жүрдi. Ал халық емшiсiнiң қайырымдылық iсi мұнымен шектелмек емес. Оны ауыл тұрғындарының зәру мәселелерiнiң де бел ортасынан табасыз. Осындағы 250 отбасына ауызсу жеткiзiп беруi Өсекеңнiң парасаттылығының бiр көрiнiсi десек, осы жылы мектепке аяқжол, канал арқылы өтетiн көпiр құрылысына 2,5 млн қаржы жұмсады.
Осындай қаржы берiп, жеткiншек болашағына алаңдаған емшi ақсақал өзiнiң қарапайым ғана үйiнде отырса, ұлы жүргiзушi. Асып-тасып бара жатқан ешнәрсе байқалмайды. Осы тiршiлiгiне тәубе келтiрген қария «өмiрдiң байлығы дүние, мүлiкте емес. Өз перзенттерiмнiң осыны ертерек ұққандарына қуанамын. Ендеше, мен салған жол, мен бастаған қайырымды iстер жалғасын таба бередi деген сөз» деп ағынан жарылды. Өсерқұл қажы қарттығына қарамай өз шаңырағында (ОҚО, Сайрам ауданы, Лұқман Хаким көшесi, үй №18. Тел. 8-72531-2-72-76, 8-701-459-18-05) науқастарды дүйсенбi, жұма күндерiнен басқа уақытта қабылдап келедi.
А.Сынтас,
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
айсұлу найзабекова | 11 наурыз 2010 01:29
мен атырау облысының құлсары қаласында тұрамын.Жағдайым төмен 5 балам бар,жолдасым қараша айында өмірден өткен болатын .Үлкен қызымды қажыға көрсеткім келеди Қажының үйіне қалай баруға болады
Динара Жарасова | 28 маусым 2010 19:04
Мен Қызылорда облысынанмын. Витилигодан жазылып кеткендер бар ма? Толық мәлімет болса? Қандай ем қолдануға болады?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті