17 қараша 2009
Алтын ине алғыңыз келе ме?

Құрметтi редакция!
Көктем айында (айын, күнiн ұмытып қалыппын) “Жас Алашта” қытай келiншегi туралы “адамның табан нүктелерiн басу арқылы ауруды табады және массаж арқылы көмектеседi” деген мақала шығып едi. Тiзем қақсап, жүруiм қиындаған кезде сол келiншекке барып массаж жасатып едiм. Пенде емеспiз бе, жазылып кеткен соң, ол келiншектiң телефонын да таппай қалдым.
Тағы да сол қытай келiншегiне барсам деп едiм. Ол елiне кетiп қалған жоқ па екен?.. Телефонын тауып бере алмайсыздар ма?
Елен Жоламанов,
Атырау қаласы.
Редакцияға келiп түскен бiрнеше оқырманның өтiнiшi бойынша, бiз “Ақжүнiс” сұлулық салонына бардық. Алдымыздан шыққан қазақ жiгiтiнен: “Салонда ешкiм жоқ па? Яншаули қайда?” – деп сұрадық.
Қытай келiншегi Яншаули “Ақжүнiсте” жұмысын iстеп жатыр екен. Елiне де барып келiптi. Қарап жатпай, бiраз адамды табанының нүктелерiн басу арқылы емдеп қайтыпты.
– “Ауруымды дәл таппадыңыз” деп ренжiген адамдар болды ма? – деп сұрадық Яншаулиден.
– Жоқ. Барлығы “рахметiн” жаудырып жатты. Әрине, бiр рет массаж алғаннан ауру жазылып кетпейдi. Әр ауруға әртүрлi массаж жасалынады, сондықтан оны жиiрек алған дұрыс.
“Ақжүнiсте” массажист болып жұмыс iстеп жүрген Гүлиман Боғжан да Қытайға барып келiптi. Ол да қарап жатпай 2-3 ай массаждың оқуын тереңдетiп оқып қайтыпты.
“Ақжүнiс” сұлулық салонында тағы бiр қуанышты хабар бар екен. “Ақжүнiстiң” қожасы Исхан Зейнет Қытайдан алтын ине салатын Ау Хай деген кiсiнi алып келiптi. “Ол кiсi қайда ендi?” – деп сұрадық. “Мен”, – дедi бiздiң алдымыздан шыққан “қазақ” жiгiтi. “Сен... сен қазақ емессiң бе?”
– Жоқ. Ұлтым – қытай. Қазақша сөйлегенiме таңғалған шығарсыздар. Мен Үрiмшiде туып өстiм. Көршiлерiм – қазақтар. Қазақ балаларымен ойнадым. Көп араластым. Орыс тiлiн бiлмеймiн, ал қазақтармен қазақша сөйлесемiн.
Мен Үрiмшiдегi Шыңжан медициналық университетiн бiтiрдiм. Бес жыл оқығанда, университеттегi ұстаздарымыз бiздi ине салудың, массаждың, жалпы адам ағзасына пайдалы жақтарды нүкте-нүктесiне дейiн оқытты. Алты жыл болды, алтын ине салумен айналысып келемiн. Жалпы, ауру қайдан, неден пайда болады? Дұрыс тамақтанбағаннан және жүйкенiң бұзылғанынан шығады. Мiне, сондай кезде алтын ине көп ауруға ем болады, – дейдi Ау Хай.
Оқырман сауалына қарай айтарымыз: алтын ине салдырамын, массаж аламын десеңiз, мына мекен-жаймен хабарласуыңызға болады екен: “Көктем-1”, 28 үй, “Ақжүнiс” сұлулық салоны. Телефоны: 376-37-05.
Cәлима ЫСҚАҚОВА




