1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
6 қазан 2016
ЖЕДЕЛ САТЫ – БИ АЛАҢЫ
Жаңа Зеландияның екi полицейiнiң жедел сатының iшiнде жанын салып билеген бейнежазбасы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Жаңазеландиялықтар құқық қорғаушылардың, қоғамның тәртiбiн қадағалауы тиiс полицей­лердiң жедел сатының темiр қабырғаларын даң­ғырлатып билегенiн қолдаушылардан да сынаушылардың қарасы мол.
6 қазан 2016
Бiр кәсiпкер ме­шiт­ке келедi де, имам­нан:
– Айтыңызшы, мол­­деке, егер мен ме­шiтке он мың дол­­лар берсем,       о дү­ниеде жұмаққа кiре аламын ба? – деп сұрайды.
– Айта алмаймын, ба­лам, айта ал­маймын, – дейдi имам басын шайқап, – Дегенмен де, екеу­­мiз де тәуекел етiп көрейiк.
27 қыркүйек 2016
СЕБЕБI ЖҰМЫС УАҚЫТЫ БIТТI...
Сантадерада (Испания) мен Мадрид арасында жолаушыларды таситын пойыз орта жолда тоқтап, жауапты меке­менiң басшыларын абыр-сабыр еттi. Тығырыққа таяды. Есiмiн құпия ұстап отырған пойыз жүргiзушiсi қатты шаршап, ары қарай пойызды жүргiзе алмайтынын мекеме басшылығына ескерткен екен. Iшiндегi жолаушылардың барар жерiне жетуiне бас қатырмастан, жүргiзушi жүрдек көлiктi орта жолдан тоқтатып, үйiне қайтып кеткен.
20 қыркүйек 2016
Жарқ етiп сөндiң, құрбым...

Жан -жағына сәулесiн молынан шашып, таңғы рауанда сөнетiн Шолпан жұлдыздай ағып, бiздiң Шолпанның да небәрi 50 жасында өтiрiгi көп, арамзасы адалдардан мың есе мол жалған өмiрдi тастап кете барды. Жан құрбымның пешенесiне жазылған келте ғұмырының ерте қиылғаны, Шолпан жұлдызымыздың дәл жарқырар шағында мезгiлсiз сөнгенi бәрiмiзге ауыр соққы болды. Алланың бұйрығымен Ол бiздi

8 қыркүйек 2016
Әлем айшықтары
71 ЖАСТАҒЫ БАЛЕРИНА...
71 жастағы Лондон азаматшасы Дорин Пеши өзiнiң балалық шақтағы арманын жүзеге асырды. Кiшкентай кезiнде Дориннiң ата-анасы қаржылық қиындықтан қыздарын балет мектебiне бере алмаған екен. Кейiн Дорин Пеши инженер-электрик болып қызмет iстеп, зейнетке шыққан. Жұмыстан қол үзгеннен кейiн бiрден бала күнгi арманын жүзеге асырмақ болып бимен шұғылдана бастайды.
6 қыркүйек 2016
Әлем айшықтары
КИНО МЕН СПЕКТАКЛЬ КӨРМЕПТI
Ерлi-зайыпты Пьер мен Элиан Зивиллион Дижит атты горилла асы­раған екен. Олар горилламен 18 жыл бiрге тұр­ған. Оны ең алғаш үйiне әкелгенде салмағы не­бәрi 2 келi ғана болыпты.Қазiр Дижит үлкен болып өсiп кетсе де әлi күнге дейiн тiсiнiң арасында тұрып қалған тамақтың қалдығын немесе саусағының арасына тұрып қалған заттарды алып тастау үшiн асырап алған ата-анасының кө­мегiне жүгiнедi.
1 қыркүйек 2016

“Бұл өсiмдiктi алғаш рет сонау жастық шағымда, Байкалдың оңтүстiгiнiң өсiмдiктерiн зерттеп жүргенде кездестiрген болатынмын. Таулы аймақта табанымнан тозып, ұзақ жүрiп, кешке қарай қой бағып жүрген шопанға кез болдым. Ол маған иiсi жұпар аңқыған шай ұсынды. Шайға керемет дәм берген бұл қай өсiмдiк екен деп ойладым. Бiр шыны шай iшкеннен-ақ, бойымдағы шаршаңқы сезiмнiң бәрi жоғалып, көңiл көкжиегiм кеңiп, ойымның ұштала түскенiн сезiнгендей болдым. Шопан маған мұның “СаганДали” деп аталатын өсiмдiк екенiн айтты.

30 тамыз 2016
Әлем айшықтары
ӨЗIН-ӨЗI “ЖЕРЛЕГЕН” ЖҰП
“Естiмеген елде көп” деген осы болар, сiрә. Босния­да бiр отбасылық жұп алдын ала өздерiнiң жерлеу рәсiмiн ұйымдастырып, оған өздерi қатысқан екен.61 жастағы Драган мен 65 жастағы Драгица Маричтiң айтуынша, өздерi қайтыс болған кезде жерлейтiн балалары болмағандықтан, жерлеу рәсiмiн өздерi ұйымдастырмақшы болып шешкен.
18 тамыз 2016
Ана есiмi қандай ыстық!
Еске алу
Қазақ бәрiне уақыт емшi дейдi. Иә, аяулы жар, ардақты ана, қойнауы қазына әже атанған ең қымбатымыз Оразгүл Жалымбетованың да өмiрден озғанына бiрнеше жыл болыпты.   Қазақстанның Оқу минс­тiрлiгiнiң құрмет грамотасымен марапатталып,    Қа­зақстан Республикасы бi­лiм беру iсiнiң үздiгi атанған анамыз, шаңырағымыздың ұйытқысы, 
16 тамыз 2016
ҮЙIНЕН ҰРЛАП, ИЕСIНЕ ӘКЕЛДI
Теннеси штатының (АҚШ) Кларксвилле қаласында екi ұры қолды қылған заттарын бiлместiкпен иесiне апарып берген. Кезектi тонаудан кейiн ұрылар құнды заттарды ломбардқа тапсырмаққа ниеттенген едi, жол оларды абақтыға апарды. Әттеген-айы ломбард қызметкерi ұрланған заттардың иесi болып шықты. Ол өзiнiң үйiндегi заттарын бiрден танып, көр­шiсiне хабарласады.
26 шілде 2016
Әлем айшықтары
ҚОЛ СОҒУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ
Австралияның Сидней қаласындағы Elanora Heights мемлекеттiк мектебi бастауыш сынып оқушыларының қол соғуына тыйым салды. Мектеп мұғалiмдерiнiң айтуынша, бұл әдiс балалардың күш-қуатын сақтауға көмектеседi екен. Және араларында қатты шуды қаламайтын, жүйкесi ауыратын балаларға да пайдалы. Оқушылар өздерiнiң қуаныштарын, ризашылықтарын ендi тек жымиып, бас изеп немесе алақандарын жұмып бiлдiре алады.
19 шілде 2016
Әлем айшықтары
86 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙДIҢ 86 ШӨБЕРЕСI БАР
АҚШ тұрғыны Мэри Фрейдiң шөберелерiнiң саны өзiнiң жасымен теңестi. “People” баспасының мәлiметiнше, Мэри мен оның күйеуi Джеральд 15 бала сүйген екен. Немерелерiнiң саны – 68, оның iшiнде 15-iн асырап алған. Бұл күнде Джеральд о дүниелiк болған. Ал Мэридiң 86 жасқа тол­ған шағында шөберелерiнiң саны 86-ға жеттi. 
5 шілде 2016
ЕНДI БАС ТА АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Бүгiнде әлем ғалымдары адамның басын ауыстыру мақсатындағы отаға дайындық үстiнде. Соның алдында олар хайуанаттарға тәжiрибе жасап көрген және ол сәттi болып шыққан. Мысалы, осыдан үш-төрт ай бұрын Қытай ғалымдары маймылдың басын ауыстырған. Бiр ғажабы, маймыл тiрi қалған. Ал итальян нейрохирургi Серджио Канаверо ке­лесi жылы ресейлiк В.Спи­ридоновқа ота жасауға бекiнiптi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»