«Ешкімді алдаған жоқпын. Митингтен соң ешкім қудаланбайтынын айттым. Қудаланған жан болған жоқ. Олар (сотталған белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян – ред.) Төлешовтің (билікті басып алуға талпынды деген айыппен сотталған кәсіпкер – ред.) ісімен тартылды. Өз басым ешкімді алдаған жоқпын. Айтқан сөзімде тұрдым. Сәуірдің 24-інде Атырауда болған митингіге ешқандай санкция болған жоқ. (….) Ешкімді алдаған жоқпын».

Астанада қазанның 20-сында өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі тілшілердің жер дауымен митингке шыққандарды қудаламауға қатысты сұрағына осылай жауап берді. Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 24 сәуірінде Атырауда жер дауымен алғашқы бейбіт шеру өтті. Митинг ортасына өз аяғымен барған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шеруге шығушыларды таратуға үгіттеп, ешкімнің қудаланбайтынына уәде берді. Ал былтыр 28 қазанда жерді қорғаған белсенді Макс Боқаев пен Талған Аян сот шешімімен «әлеуметтік араздықты қоздырды», «жалған ақпарат таратты», «қоғамдық тәртіпті бұзды» деген айыптармен бес жылға сотталып кетті.

1 ПІКІР

  1. Сөз бостандығы жоқ елміз! Билік тек өзіне ыңғайлы етіп заң қабылдап алған. Билік ойы өз дегендерін істеу, халықпен ештеңе санаспайды бір, екі халық өз ойын айтпауы керек. Өз ойын айтса ұлт араздық, əлеуметтік араздық бəленше-түгенше болды қуғын басталды. ХАЛЫҚ БОЛМАСА, МЕМЛЕКЕТ БОЛМАЙДЫ. МЕМЛЕКЕТ БОЛМАСА БИЛІКТЕ БОЛМАЙДЫ. ХАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ БІРІНШІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ, КОНСТИТУТЦИЯМЫЗДА ЖАЗЫЛҒАНДАЙ. ƏРКІМ ӨЗ БАСЫНЫҢ КРЕСЛОСЫН ОЙЛАҒАН ЗАМАН БОЛЫП КЕТТІ! БІР СӨЗБЕН ƏДІЛДІК ЖОҚ!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз