1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (16147) 16 тамыз, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
16 тамыз 2016
Жүңгүо қазақ фотографтарының көрмесi

Iле Қазақ автономиялы облысының   кезектi ақындар айтысы Алтай аймағы Бурылтоғай ауданының Екiөткел жайлауында сән-салтанатпен өттi.   Облыстық ақындар айтысы – Жүңгүо қазақтары өткiзетiн шаралардың ең iрiсi. Осы сахарада жүңгүо тарихында тұң­ғыш рет фото көрме ұйымдастырылды. 2016 жылдың 20 шiлдесiнде 3 жылда бiр келетiн Iле Қазақ автономиялы облысының   ке­зектi ақындар айтысы басталардан бұрын, қазақ фотографтарының кезектi шығармашылық фотокөрмесi салтанатты түрде шымылдығын түрдi. Iле Қа­зақ автономиялы облысының басшысы Құрмаш Мырза, Алтай аймағының уәлиi Талғат мырза қатарлы кiсiлер көрменiң тұсауын кестi. Қазақ фотографтарының тұңғыш шығармашылық көрмесi 2011 жылы Алтай қаласында өткiзiлген едi. Содан бастап ханзулар қа­зақ фотографтарының фотоөне­рiне қызыға бастады. Бұл жолғы көрмеге басшысы 41 фотографтың 67 шығармасы қойылды. Көрме­дегi фотошығармалардың деңгейi жоғары, шығармалар көр­­кем­дiгi мен сырлылығы арқылы көрген кiсiге үнсiз сыр шертiп, суреттегi оқи­ғаны баяндап тұр­ғандай әсер еттi. Көрменiң екiншi күнi Алтай аймағының ең жоғары билiк органы болған аймақтық парткомының секретары Дың Жаңу мырза, мемлекеттiк 15 iрi кәсiпорын қожайындарын бастап келiп тамашалады. Қазақ фотографтарының шығармаларын асықпай тамашалап, көр­менi ұйымдастыруымен кеңестi. Мұндай көлемдi көрменi қазақ фотографтары өз қаражаттарымен өткiзгенiн бiлген хатшы сол жерде осы iс-шара үшiн бiр жүз мың юань     (5 млн. теңге) қаражат беретiндiгiн айтты.

Ақындар айтысы өткiзiлген Екiөткел жайлауы.
 
Секретарь Дың Жаңу мырза кәсiпорын қожайындарын бастап, көрменi тамашалады.
 
Көрмеде шығармалары қойыл­ған 10 қазақ фотографы аудан басшыларының сыйына ие болды.
 
Бас жүлде алған сурет. Авторы Әдiлбек Құрманғалиұлы
 
Екiншi жүлде алған сурет. Авторы Екпiн Қасенжанұлы
 
Үшiншi жүлделi сурет.Авторы Қайролла Көментайұлы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті