1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (16147) 16 тамыз, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
16 тамыз 2016
Жақсы фотосуреттi қалай түсiру керек?

Диафрагма (қалқа) Диафрагма–жарық мөлшерiн қадағалауға арналған объектив iшiндегi арнайы құрылғы. Ол объектив ортасынан қо­сылып немесе ашылатын бiрнеше желектi жарық өт­кiзгiш саңылау бiрде үл­кейедi, бiрде кiшiрейедi. Сәйкесiнше, кiшiге қарағанда үлкен саңылау арқылы жарық көбiрек өтедi. Қызы­ғы, сандық белгiде диафрагма толық керiсiнше көрсетiледi. Фотоаппараттағы Ғ латын қарпi диафрагмалық белгiсi. Осы әрiптiң жанындағы сан үлкейген сайын, жарық өтетiн саңылау кiшiрейедi. Қателеспеу үшiн, мынаны есте сақтау керек: сан көбiрек болса-диафрагма көбiрек жабық, сан азырақ болса-диафрагма азырақ жабық.

Мысалы, F2,8 мағынасы диафрагма ашықтығын айтады, ал F8-диафрагма бiраз жа­был­ған, яғ­ни саңылау кiшiрек және одан азырақ жа­рық өтедi.
Диафрагма мағынасы выдерж­ка(ұсталым) мағынасымен ажырамас байланысты: оларды экспожұб деп те атайды.
Диафрагма ашық болса, выдержканы (ұсталымды) азайтуға болады және керi­сiнше, выдержка ұзақ болса, диафрагманы жабыңқырау керек. Яғни, дұрыс экспозициядағы суреттi 2 жолмен алуға болады: бiршама ашық диафрагма және қысқа выдержка(ұсталым) немесе жа­бық диафрагма, бiрақ ұзын выдержка.
Егер выдержка кадрдағы нысандардың қимылдан анық немесе бұлыңғыр шығуына әсер етсе, диафрагма сурет анықтығына бiршама басқа ықпалын тигiзедi. Мәселен, кадрдағы объектiнiң барлығы бiрдей айқын болмауы мүмкiн. Ол нысанның камерадан қаншалықты алыс немесе жақын орналасқандығына және фокусировкасына байланысты. Мiнсiз айқын болып камера фокусын бағыттаған нысандар ғана шығады, ал камераға жақынырағы немесе нысан фокусировкасынан алысырақ орналасқандары бұлыңғыр болады. Ол анықтықтың тереңдiгi деп аталады. Және оның кеңдiгiне, сондай-ақ диафрагма әсер ететiн болады. Ол неғұрлым жабық болса, соғұрлым көп нысан анықтық аймағына кiруi мүмкiн. Диафрагма неғұрлым ашық болса, анықтық тереңдiгi соғұрлым аз болады, ал фон көбiрек бұлыңғыр болып шығады.
Сезiмталдылық (ISO)
Егер выдержка (ұсталымда) да, сезiмталдылық пен диафрагма да “барынша” тұрса, жарқылды (вспышка) қолдану керек. Бiрақ та кiрiк­тiрмелi жарқыл сапалы түрде азғана аумақты жарықтандыра алады, шамамен камерадан екi-үш метр аралығын. Сондықтан жарқыл көмегiмен үлкен бөлмеге немесе табиғи көрiнiске (пейзаж) жарық түсiру пайдасыз әрекет. Жә­не де жарқыл кадрдағы қи­мылды “қатыруға” көмек­тесiп, оның анықтығын кө­бей­тедi. Сонымен қатар, жар­қыл көме­гiмен нысан артындағы шеттен тыс көп жарықты теңгере аласыз, мысалы, адамды терезенiң қасында бөлмеде суретке түсiрсеңiз.
Бұл икемдеу камерада латынның ISO деген 3 әрпiмен белгiленедi. Егер сiз пленканы қолданған болсаңыз, 100, 200 және 400 деген жазулармен ерекшеленетiн, сары қорапшалардағы “Кодак ” пленкалары ең танымал болатын. Сезiмталдық деген осы болатын. Ол заманауи фотоаппараттарда да бар, бiрақ еш нәрсенi үстiнен сатып алудың кажетi жоқ, оны бiр-екi батырманы басумен-ақ ауыстыруға болады. Атынан байқап тұрғанымыздай, параметр камераның жарықты қабылдауын реттейдi.
Егер жарық аздығын выдержканы (ұсталымды) жоғарылату немесе диафрагманы ашумен өтей алмаса, сезiм­тал­дылықты жоғарылатады.
Жоғары сезiмталдылықта сурет сапасы нашарлайды. Сандық шу деп аталатын түрлi-түстi түйiр пайда болады. Сондықтан сезiмталды­лықты әрдайым көтере берiп, қараңғылықта түсiре беруге де болмайды. Шағын фотокамералар ISO 400 мағынасымен де тәуiр түсiредi, ал кейбiреулерi ISO 800-бен де жұмысын тәуiр атқара алады, ал одан артық болса суреттi сапасыз түсiредi. Буданды (гибрид) және айналы камераларда бұл мәселе айтарлықтай қиындық туғызбайды. Кейбiреулерi тiптi ISO 3200-бен де жақсы сурет жасауға мүмкiндiк бередi. Бiрақ жа­рық жеткiлiктi болған кез келген жағдайда сезiм­тал­дылықтың аз мөлшерiнде түсiрген дұрыс.
(Басы өткен санда. Жалғасы бар).
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті