1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (16147) 16 тамыз, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
16 тамыз 2016
Бiз қалай киiндiк?

Әйел киiмiнiң жиынтығына дамбал, көбiне көйлек орнына   өңiрi жабық жейде, камзол мен шапан түрiндегi қаусырмалы сырт киiм кiредi. Жейде көйлектiң пiшiмi туника тәрiздес болды. Жас әйелдер қызыл немесе алабажақ матаға әуес болса,орта және егде жастағы әйелдер көк немесе ақ матаны қалайды. XIX ғ. ортасынан бастап көйлектердi орыстың сисасынан тiккен. Дәулеттi қазақ әйелдерi жiбектен, атластан, барқыттан, қамқадан көйлек киген. Көйлектердiң жағасы тұйық болған, оған қайырмалы жағалар тiгiлген. Қыздар омырауларын арнайы көкiрекшемен, ал әйелдер бас киiмiнiң ұшымен жапқан.   XIX ғ. соңына қарай жаңа пiшiмдегi көйлектер тарай бастады да, мұндай көйлектердi бүрмелi, көкiрекшелi және белдемшелi етiп тiгетiн болды. Көйлектiң нақ осы түрi қазақтың ұлттық көйлегi болып есептеледi.

Ауқатты әйелдер той-томалаққа киетiн шапандарын қымбат маталардан тiктiрiп, оны зерлi оқамен, кестемен және аң терi­сiнiң жолақтарымен әшекейлеткен. Әсiресе, қыз жасауының мiндеттi киiмi болып есептелген қалыңдықтың шапаны биiк тал­ғаммен тiктiрiлген. Шұғадан, бар­қыттан, атластан, жiбектен, ортаазиялық қара немесе жолақ жiбектен тiгiлген. Қалыңдықтың шапанының жеңдерi астынан тiгiлiп, ол кестемен, кәмшат немесе құндыз терiсiмен көмкерi­лiп, ою-өрнектi таспамен,зермен безендiрiлген. Арнайы қысқы киiм – күпi мен iшiктi дәулеттi отбасылардағы бойжеткендер мен әйелдер киген.
Бойжеткендер мен жас әйелдер көбiне етiк киген, кейде олар биiк өкшелi (10 см-ге дейiн) кисе, егде тартқан әйелдер өк­шесi аласа етiк, жұмсақ мәсi мен кебiстi киген.
Әшекейлердiң ең көбi қалыңдықтың тойға арналған киiм-кешегiне тағылғандықтан, тойдың әйел өмiрiндегi ең маңызды шара екенiн паш етедi. XIX ғасырдың орта кезiне дейiн тойға арналған бас киiм, мүм­кiндiгiне қарай алтын және күмiс оқалармен, маржанмен, iнжу­мен,асыл тастармен әшекейленген сәуке­ленi (немесе тым болмағанда сәукеленiң шәлiсi-жаулықты) тұрмысқа шыққан әйел тұңғыш перзентiн туғанға дейiн киген. Кедейдiң қыздары сәуке­лесiн тиындармен, моншақтармен, оқамен, қалайы жұқалтырмен әшекейлеген. Егер қалыңдықтың отбасының сәукеле жасатуға шамасы келмесе, онда қалыңдықтың бас киiмiнiң орнына орыс үлгiсiндегi кәдiмгi орамал (жаулық) тартқан.
Тұңғыш перзент тапқан немесе 25-30 жасқа жеткендерi тұрмыстағы әйелдiң бас киiмiн киiп,оны қартайғанға дейiн басынан тастамаған. Осындай бас киiмдерде тұрғылықты жерiне қарай ерекшелiктерi бар Қазақстанның көп аймағында әйелдер басты тұмшалап тұратын және мойынды, омырауды, екi иықты қоса жабатын кимешек киген.
И.В.Стасевич,
(32-33 беттер) Кунсткамера жинағындағы “ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛI МӘДЕНИЕТI” кiтап – альбомынан пайдаланылды.
Алматы , 2008 ж 
 
Әйелге арналған ер-тұрман (Семей,А. Воронина – Уткинаның акварелi,1913 ж.).
 
Әйел әшекейлерi (сырғалар, қыл жұлатын қысқаш, сақиналар мен ұршық).
 
Семей қазақтары. ( И.С.Поляков,1879 ж.)
 
Ұлттық киiмдегi әйел.(Сырдария обл.,Ф. Ордер, 1894 ж.)
 
 
Қазақ қалыңдығының киiмi (Жетiсу обл. К.Н.Де-Лазари 1898 ж.)
 
Киiз үйдiң iшкi көрiнiсi.(Семей. С.М.Дудин,1907 ж.)
 
Келiн түсiру (Жетiсу обл. К.Н. де-Лазари,1897 ж.)

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті