1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (16159) 27 қыркүйек, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
27 қыркүйек 2016
Ұлт yшiн құнды сурет

Семейдегi Абай мұражайының директоры Жандос Әубәкiр ағамыз – Шәкәрiмнiң, Жаяу Мұсаның фотосуреттерiн тапқан адам. Тапқанда да жай ғана таптым деп қоймады, мұрағаттарға барып, нақты фактiлермен дәлелдедi. Мысалы, Жаяу Мұсаның суретi жайлы: “Бұл сурет Мәскеудегi Ресей Ғылым академиясының Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және Антропология институтының мұрағатында сақталыпты. 1927 жылы Қазақстан жерiне ұйымдастырылған экспедиция жазбаларын қарау барысында этнограф Федор Фиельструптың жеке мұрағатынан табылды. Суретте “Семей губерниясы, Баянауылдағы Ащысу, қазақтар, Арғын-Айдабол, 1927 жыл, Фиельструп” деген жазу бар. Суреттегi адамның Жаяу Мұса екендiгi күмәнсiз. Бiрiншiден, өзiнiң күнделiгiнде жазған, екiншiден, суреттiң артында өзiнiң қолтаңбасын қалдырған. Онда Жаяу Мұса делiнген” деп жауап бердi.

Qasym.kz
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті