1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (16159) 27 қыркүйек, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
27 қыркүйек 2016
Дарыны кемел, мінезі керім

Сиез Бәсiбеков – 80

Сиез Бәсiбековтiң (1936 – 2000 жж):
қазақ журналистикасында айшықты iзi қалды. Республикамызда фотожурналистер арасында алғаш “Құрмет белгiсi” орденiмен марапатталған. “Ле­ниншiл жас”, “Егемен Қазақ­с­тан” газеттерiнде қызмет атқарған.
 
Өз басым бұл за­ман­дасым­мен осы­­дан жарты ғасыр бұрын, сонау 1957 жы­лы, республи­ка­лық “Ле­нин­­­­шiл жас” (қа­зiргi “Жас Алаш”) га­­­зе­т­iнiң редакция­сында таныс­қан едiм. Ол сол кезде мұнда кор­рек­­тор­­­­лық жұ­мыс iстейдi екен. Бiр-бiрi­мiз­­­бен тез түсiнiсiп кеттiк. Ол өте әң­­­гi­­­мешiл, ақкөңiл болып шықты. Жас­­­­тайынан жетiм қалған, алты жа­­­с­ында әкеден (әкесi Әбiкеш Ұлы Отан со­­ғысында қаза тауып­ты), он екi жа­­­сында шешеден айы­рылған жан екен.
Сиез өте еңбекқор, оның үстiне iз­денiмпаз болды. Ол кор­ректорлық жұ­мысын мұқият атқа­ра жүрiп, “Лениншiл жас­тың” сол кездегi бай­­ыр­ғы қарт фото­тiлшiсi Петр Редь­коның жанынан шықпаушы едi. Табиғатында өте қайырымды, жастарға қамқорлық жасаудан, оларға өз бiлгенiн үйре­туден тiптi де жалықпайтын жомарт жүректi Петр Яковлевич Сиездi фо­то өнерiне ерiнбей-жалықпай бау­лыды. Оның көрсеткен көмегi мен айтқан аталық ақыл-кеңесi, қарап тұрсақ, болашақ кәсiби фото­жур­налист үшiн өмiрлiк маңызы зор көмек болған екен. Сөй­тiп, ол осы кiсiнiң арқасында қазақ жастары­ның арасынан суырылып шыққан алғашқы көрнектi де кәсiби фото­суретшi болды. Оның осылай қа­лып­тасуында “Лениншiл жасты” сол кездегi жастарға керемет қам­қор­лық жасау мектебiне айналдыра бiлген бас редактор Абай Бей­сем­баевтың, редакцияның жауапты хатшысы Кәкiмжан Қазы­баев­тың, бөлiм меңгерушiлерi Әбдi­саттар Бөлдекбаев пен Қайдолла Тiлемiсов және Тельман Жан­ұзақовтың, бас­қа да абзал азамат­тардың шына­йы қамқорлығы мен аялы алақаны үлкен көмегiн тигiздi. Қысқасы, Сиез­ге жақсылардың шарапаты көп тидi.
Қазiр кезiнде Сиез Бәсiбеков түсiрген фотокадрлар галерея­сынан ХХ ғасырдың екiншi жартысын­дағы елiмiз өмiрiнде орын алған аса маңызды елеулi оқиғалардың, хал­қымыздың әрқашан мақтаныш тұтуына әбден лайық, тамаша ұл­дары мен қыздарының ерен еңбе­гiн, өрелi өнерiн көруге болады. Хал­­қымыздың ары мен абыройы бола бiлген, ендi қайтып ешқашан объективке iлiкпейтiн сол ғажайып бейнелер авторға деген шын ризашылық алғыс сезiмiн ту­дырмай қой­майды.
Мыңбай IЛЕС,
Қазақстан Журналис­тер одағы сыйлығының лауреаты,
«Егемен Қазақстан» 2006 жыл.

 

Жазушылар: Ортада Шыңғыс Айтматов, Шерхан Мұртаза.
 
Жазушы Оралхан Бөкеев
 
Әншi Роза Бағланова
 
“Лениншiл жас” газетiнiң ұжымы 1978 жыл

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті