1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (16159) 27 қыркүйек, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
27 қыркүйек 2016
“Менiң Елiм – Қазақстан” фотобайқауының жеңiмпаздары

Жуырда   Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кiтапханасында Қазақстан Республикасы Тәу­елсiз­дiгiнiң 25 жылдық мерейтойына орай “Менiң Елiм – Қазақстан” фотобайқауының жеңiм­паздарын марапаттау рәсiмi өттi. Байқау тақырыбы елiмiздiң табиғаты, тарихи ескерткiштерi және салт-дәс­түрлерiн қамтиды. 

Ұйымдастырушысы “ФОТОӨНЕР” ҚБ, бас серiктес – “Bank RBK” АҚ, ақпараттық серiктес – “Қазақстан” ҰТРК және серiк­тестер “National Geographic Қазақстан” мен  NIKON  Қазақстан.
Марапаттау рәсiмiнiң алдында Қазақстан “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгiнiң   Қазақстан фотожурналистикасына сiңiрген еңбегi үшiн берiлетiн “ФОТОӨНЕР ҚАЙРАТКЕРI” ме­далi марқұм Нұрғожа Жұбановтың, Қайрат Мұстафин, Сиез Бәсi­беков, Сайлау Пернебаев, Рахымбай Ханалы ағаларымыздың отбасыларына және биыл 75 жас­қа келiп, жас әрiптес­терiнiң арасында ардагер атанып жүр­ген Нұрманбет Қизат­ұлына та­быс­талды.
Жалпы, фотобайқауға 71 қа­ты­сушыдан 560 жұмыс келiп түстi. Сапасына әрi тақырыбына сай келетiн суреттердi арнайы құрылған әдiлқазылар алқасы анықтады:
1-орын “Достық шоқысы”. Авторы Мерей Кайнарұлы. ШҚО Өскемен қаласы.
 
2-орын “Теңге iлу” . Авторы Алмаз Орманов. Жамбыл облысы   Тараз қаласы.
 
3-орын   “Таудан аққан тас бұлақ” . Авторы Тiлеубек Рақымжан. Алматы қаласы.
 
Сонымен қатар 5 ынталандыру сыйлығы табыс етiлдi:
1. “Кемпiрқосақ” . Авторы Ер­жан Хамитов.   Қарағанды қаласы.
2.         “Нұра өзенi”. Авторы Марина Бухарина. Астана қаласы.
3.         “Отан қорғаушылар”. Авторы Еркiн Заулаханұлы. Жамбыл облысы, Тұрар Рыскұлов ауданы.
4.         “Дүбiрлi той” . Авторы Әйгерiм Бегiмбет. Шымкент қаласы.
5.         “Қыр қызғалдақтары” . Авторы Жайлау Таласов. Атырау қаласы.
1-орынға – 104 диагональды PILLIPS теледидары.
2-орынға – ноутбугi ASER
3-орынға – NIKON фотоаппараты табысталды. Ал 5 ынталандыру орындарына демеушiлер­ден бағалы сыйлықтар табысталды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті